25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Абайдың һижреті мен жиһады

Жатқан жері бейіш болғыр Абай атамның іші толған кеніш, кеудесі кенен болғанын уақыт өткен сайын сезіне түсесің. Жіті назар салып, жиі үңілген кісі қоғамды мазалаған әр ненің жауабын тауып,  өз өміріне баһра алады екен.

Баукең ержүректігі тұрғысынан кешегі ел қорғаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек сынды батырлардың заңды жалғасы секілді. Ал шыншылдығы мен ақиқатты ту еткен адалдығы, әділдігі тұрғысынан мұсылмандардың екінші халифі әділетті Омар ибн Хаттабқа (р.а.) ұқсайды. Артында “Өтіріктің балын жеп тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық” деген қанатты сөздерді айтып қана кетпей, оны өз өмірінің қағидасына айналдырған батыр Бауыржанға мұндай ар ілімі қайдан келді, кімнен сіңді?

Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) 1748 жылы Көкшетау жерінде (Ақмола облысының, Азат темiр жол станциясының маңында) дүниеге келген. Ақынның ес біліп, есейген өңірі — қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы. Әкесі – орта жүздің қолбасшысы, Абылай ханның жақын серігі болған, қазақ-қалмақ соғысына қатысқан атақты батырлардың бірі – Құлеке Тәңiрбердiұлы. Ал, анасы – үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы.

Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісіндегі билер жүйесі, оның мәдениеті, әдеп-тәртібі, өнегесі ерекше құбылыс. Ежелден қалыптасқан бұл жүйе ұлы далада биік шыңға көтерілді. Міне, биыл тарихи тұлға Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың 350 жылдық мерейтойы елімізде халықаралық деңгейде тойланып жатыр. Назарларыңызға Қазыбек бидің шешендік өнерінен ел аузындағы мына тапқырлық өнегесін ұсынамыз.

Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. 

Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды.Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен.

Биылғы жыл қазақ тілінің негізін қалаушы, Алаш көсемі - Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың 145 жылдық мерейтойын атап өтетін жыл  болып танылды. Осы орайда 15.03.17 жылы Алматыда Ұлттық кітапханада зиялы қауым, ғалымдар, ұлт, тіл  жанашырлары бас қосқан конференция болып өтті. Ғалым бабамыздың жарық көрмеген көптеген еңбектері жөнінде сөз болды. Мысыр елінен қатысқан доктор Юнус Сабри А.Байтұрсынұлы еңбектерін араб тіліне аударуға ниетті екенін де білдірді.

Әлихан Бөкейхан Мэйдзи бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесiнде артта қалған аграрлық елден 21 жылда әлемнiң ең дамыған мемлекетiне айналған Жапонияның тәжiрибесiн үлгi етiп, Алаш мемлекетiн 20-25 жылда әлемнiң төрiне жеткiзудi жоспарлады. Алаш көсемi жапондардың тәжiрибесiн қазақ елiне сол қалпында орната салмай, халқының өзiндiк мәдениетi мен салт-дәстүрiнiң негiзiн сақтай отырып жетiлдiрудi көздедi.

Махмұд әл-Қашқари, Махмұд әл-Хүсейн ибн Мұхаммед – ХІ ғасырдағы Орта Азиядағы атақты түрколог. Әкесі Хүсейін ибн Мұхаммед Барысқанның әміршісі болған.

XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Әлібекұлы Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген.

Қазақтың құты да, ырысы да, айбыны да асқан шақ – Абылай ханның тұсы еді. Батыры мен биін сайлай білген көреген басшының тұсында қазақ үшін қасық қаны қалғанша күрескен қаншама азаматтар болды. Абылай тұсында ата жауымыздың өзі есіктен сығалап, елесін де көрсетпеді.

Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана би». Төменде Мөңке бидің көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білген жазбалар жинағы.