25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жолаушы адам намаздарын қысқартпай толық оқып қойса, санала ма?

Жолаушы адам намаздарын қысқартпай толық оқып қойса, санала ма?

Намаз

Жолаушы кісі төрт рәкәғаттық парыз намаздарды екіге қысқартпай толық оқыса, мәкруһ істеген болады, бірақ намазы дұрыс.

Қайта оқудың қажеті жоқ. Бастысы алғашқы екі рәкәғатта фатиха мен зам сүре оқылған болуы керек және алғашқы әттахият отырысына отырған болуы керек1.

Еске сала кетсек, ең кемі 90-100 км қашықтықтағы елді-мекенге сапарлап шыққан кісі жолаушы атанып, төрт рәкәғаттық парыз намаздарды екі рәкәғатқа қысқартып оқиды. Қысқартып оқуы – уәжіп. Толық оқуы – мәкруһ. Бірақ, жергілікті кісіге ұйып оқығанда намазын имаммен бірге толық оқиды.

 

1Сәмнақи: «Хизанатуль Фәтәуә».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: