Жұма намазындағы азан ішкі және сыртқы азан больп екіге бөлінеді.
«Әт-тахият» пен «салауатты» оқып үлгермей жатып имам сәлем берсе, не істеймін?
Егер «аттахият» дұғасын толық оқып бітірмей жатып имам сәлем беріп жатса, сіз «Әт-тахият» дұғасын толық оқып барып, сәлем беріп аяқтайсыз.
Пияз жегеннен кейін намаз оқуға бола ма?
Пияз жегеннен кейн пияздың иісі шығып тұрса, намаз оқуға бола ма?
Ғұсылы болмай істеген тамақ арам болады деген рас па?
ғұсылы болмай істеген тамақ - адал, әрі таза. Тамақ істеуші кісінің ғұсылсыз болуы тамақты арам қылмайды.
Ғұсыл алу барысында сабын мен шампуньды қолдануға бола ма?
Ғұсыл алу барысында сабын, шампунь сияқты жуыну құралдарын пайдалануға рұқсат.
Ата-анамның үйіне барғанда, намазды жолаушы ретінде қысқартып оқимын ба?
Фиқһ ережесі бойынша, кісі өзінің туып-өскен жерінен кетіп, басқа елді мекенге қоныстанса және сол жерде тұрақтауды ұйғарса, оның бұрынғы туып-өскен жері «негізгі отан» (асли отан) мәртебесін жоғалтады.
«Намаз оқыр едім, сөздерін білмеймін ғой»
Бұл сөзіміздің жарасы тіптен жеңіл. «Фатиханы» қосқанда үш сүре және тағы бір-екі дұға біздің парызымызды орындауға жетіп жатыр. Намаз оқитын кез келген мұсылманның бұны қуана-қуана үйретері сөзсіз.
Жұмада Құтпа оқылып жатқанда біреу сәлем берсе, сәлемін аламыз ба?
Жұма намазының Құтпасы оқылып жатқанда:
Шұлықсыз жалаң аяқ намаз оқудың үкімі қандай?
Ер кісілердің шұлықсыз намаз оқулары еш ағат емес. Үкімі – мубах, яғни, рұқсат.
Құныт дұғасын білмеген кісі «рәббәнә»-ні оқыса бола ма?
«Құныт» сөзінің қазақша мағынасы – "дұға", "тілек", "намаздағы қиямды созу" деген мағаныларға саяды. Құныт дұғасы деп, үтір-уәжіп намазының үшінші рәкәғатында фатиха және зәм сүре оқылғаннан кейін рукуға бармай құлақ қағып оқылатын дұғаны айтамыз.
Намаздың соңында сәлем берместен тұрып кетіп қалса, намазы санала ма?
Ханафи кітаптарында «намаз бұзатын іс-әрекет жасау арқылы намаздан шығу» деген ереже бар. Бұл – намаздың соңында «әттәхият» дұғасын оқып болғаннан соң намаз бұзатын бір әрекет жасап намаздан шығуды білдіреді.