25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұмыс себепті жұмаға бармау үзір санала ма?

Неше рет жұма намаздан қалса күнә жазылады? Мысалы, жұмыста болып, жұма намазына бара алмай қалса, ол үзірге жата ма? Мен астана су арнасында, құбыр тазалауда жұмыс жасаймын, қаланың әр жерінде жүреміз, көбіне мешіт жоқ жерлерде жүреміз, сол жағы қиын.

Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?

Мешікте кірген бойда, отырмай тұрып, екі рәкәғат нәпіл намазы оқылады, оны «сәләм намазы» дейді немесе қазақша «мешіт ақысы». Үкімі – мұстахаб, сауапты амал. Алла елшісі (с.а.у.) бір сөзінде: «Сендерден біреу мешітке кірген кезде, отырмастан бұрын екі рәкәғат намаз оқысын» деп кеңес еткен1. «Отырмай тұрып» делінсе де, бұл шартты түрде емес, мешітке кіргеннен соң отырып, кейін артынан оқып жатса да мешіт ақысы саналады, бастысы мәкруһ уақыты болмаған болуы керек.

Ендігі жерде күніне бірнеше рет мешітке кірсе, әр кірген сайын мешіт ақысын оқуы керек пе?

Ханафи ғалымдарымыздың айтысына қарағанда, күніне бірнеше рет мешітке кіретін кісіге мешіт ақысын бір рет оқыса жеткілікті, әр кірген сайын оқыса да артық болмайды, ұнамды саналған2.

 

(Имам Бұхари, «Сахих Бұхари»).
Имам Шүрунбүләли: «Мәроқиль Фәлләх», «Сәлем» намазы.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


«Намазды күн сайын оқи бергеннен жалығып кетпейміз бе?»

Кейде нәпсіміз бізге намаздың күн сайын оқылуын ауыр көрсетуі мүмкін. Ойланып көрейікші, күн сайын тамақ жейміз, су ішеміз, ұйықтаймыз. Бұдан жалықтым деген пендені көрдіңіз бе? Әрине, жоқ.

Намаз оқып жатқанда кішкентай бала алдыңнан кессе, намаз бұзыла ма?

Намаз оқып тұрған кісінің алдынан кішкене бала кесіп өтсе немесе алдында ойнаса намазы бұзылмайды, бірақ мүмкін болса бала алдын кесіп өтетін кезде қолымен ишара жасап, өтуіне кедергі жасауға тырысқаны абзал, оған қарамастан алдынан өтіп жатса зияны жоқ.

Ата-анам намазыма қарсы, не істеймін?

Ата-ананың разылығын алу, оларға деген құрмет көрсету, қарсы шықпау дініміздің басты бұйрықтарының бірі екені баршамызға мәлім. Көптеген Құран аяттары мен хадистерде ата-анаға жақсы мәміле жасау жайында айтылады.