25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз рәкәғаттарынан шатассам, не істеймін?

Намаз рәкәғаттарынан шатассам, не істеймін?

Намаз

Намазды аяқтап болғаннан кейін намаз рәкәғаттарында шатасса, үшеу оқыдым ба, төртеу оқыдым ба, деген сияқты күдікке түссе, не істейді? Қайта оқи ма?

Намаздан кейінгі күмәнға мән берілмейді. Сондықтан да, намаз оқып болғаннан кейін қанша рәкәғат оқығандығы жөнінде күмәнға түскен адам, намазын қайта оқымай, сол күйінше намазын дұрыс деп санайды. Мысалы, төрт рәкәғаттық бір намазда сәлем беріп болғаннан кейін «үш рәкәғат оқыдым ба, төртеу оқыдым ба?» деп нақты білмей, екі ойлы боп тұрса, ондай күмәнға мән бермей намазын толық оқыдым деп санайды.

Бұған байланысты Ханафи кітаптарында былай делінеді: «Дәрет алып болғаннан кейін күмән туса, ол күмәнға мән берілмейді. Тура сол сияқты... үш рәкәғат не төрт рәкәғат оқығандығына орай күмән намаздан кейін туындаса, ол назарға алынбайды...». Бұрһануддин әл-Бұхари. «әл-Мухитуль Бурһани».

«Намазды аяқтағаннан соң «үшеу оқыдым ба, әлде төртеу оқыдым ба?» деп күмәнданып екі ойлы болса, оған еш нәрсе қажет емес (қайта оқымайды). Ол намазын төртеу оқыдым деп есептейді». Ибн Нүжәйм. «әл-Бахрур Роиқ. (2/192)».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: