25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қаза намазын жамағатпен өтеуге бола ма?

Қаза намазын жамағатпен өтеуге бола ма?

Намаз

Егер жамағатпен өтегісі келген кісілердің өтейтін қаза намаздары бір күннің қаза намазы болса, жамағатпен өтеуге болады.

Ал, әр күннің қаза намазы болса, жамағатпен оқымайды, ол кезде әркім өз бетінше бөлек өтейді. Мысалы, екі намазхан кісі кешегі таң намаздың қазасын бірге өтейтін болса, ол дұрыс. Өйткені, екеуінікі де бір күннің таң намазының қазасы әрі екеуінікі де бір намаздың қазасы.  Ал, мысалы, ол екеуінің бірі бүгінгі таң намазының қазасын, ал екіншісі кешегі таң намазының қазасын өтейтін болса, ол кезде жамағатпен өтей алмайды. Өйткені, екеуінікі де таң намаздың қазасы болғанымен, күндері әртүрлі болып тұр, сол себепті, ол жағдайда әркім жеке өтейді.  

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: