25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Екі адам намаз оқығанда ұюшы имамнан төмен тұра ма, қатарласып тұра ма?

Екі адам намаз оқығанда ұюшы кісі имамның оң жағында тұрады және не ілгері, не кейін тұрмай, онымен қатарласып тұрады1.

Жаттау қабілетімді арттыру үшін қандай намаз, дұға оқысам болады?

Имам Тирмизидің хадис кітабында орын алған бір әлсіз хадистегі мәліметке сүйенсек (кей хадис ғалымдары бұл хадисті «жалған хадистер» қатарынан санаған), есте сақтау қабілетін жақсарту үшін Жұма түнінің ақырғы бөлігінде төрт рәкәғат намаз оқу керек екен. Дәлірек айтқанда: бейсенбіден жұмаға қараған түні.

Намаз соңында тартылатын тәспінің әсері жоқ жүрегіме, не істеймін?

Намаз соңында «сұбханаллаһ», «алхамдулиллаһ», «Аллаһу әкбар» деп тәспі (тасбих) тартқанда жүрегім әсерленсін, рахаттанайын деп емес, ең алдымен сауапқа кенелемін деп тартамыз.