25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазан айында үтір намазы жамағатпен оқыла ма?

Рамазан айында үтір намазы жамағатпен оқыла ма?

Намаз

Иә, рамазан айында тарауық намазын оқып бітірген соң, үтір намазы жамағатпен оқылады.

Имам үтірдің үш рәкағатын дауыстап оқып, Құныт дұғасын ішінен оқиды. Алайда рамазаннан тыс басқа айларда үтір намазын жамағатпен оқу – мәкруһ. Өйткені ол бір жағынан нәпіл намазы болып саналады. Нәпіл намазын рамазаннан тыс айларда жамағатпен оқу – мәкруһ[25].  

Үтір намазын рамазан айында жеке оқығаннан жамағатпен оқыған абзал. Тек түннің соңғы бөлігінде оқуды жақсы көрсе, онда сол уақытта оқыса да болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Түнгі намаздарыңның соңғысы үтір болсын»[26], – деген.

Дегенмен бұл жамағат намазын тастап үтір намазын түннің соңғы бөлігінде оқыса абзал болады деген сөз шықпайды[27]

 

[25] «Фәтху бәби әл-ғиная, 1/343.

[26] Бұхари, №946. Муслим, №751.

[27] «Фәтху бәби әл-ғиная, 1/343.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: