Ақшам намазының уақытында қаза болған намаздың қазасын өтеуге болады. Мәселен, ақшам намазы енді кірген болса, оның алдында қаза болған асырды өтеп алып, одан кейін ақшамды оқығаны абзал.
Бірақ, ақшам намазының кіргеніне біраз уақыт өтіп, дала қараңғыланып қалған болса, ақшамды оқып, одан кейін қазаны оқығаны жөн. Демек, ақшам намазының уақытында қаза намазды оқи беруге болады, оның зияны жоқ. Қаза намаздар мына үш уақытта оқылмайды:
- Күн шығып жатқанда (найза бойы көтерілгенге дейін).
- Күн дәл төбеде болғанда (таптал-түсте, бесін уақыты кіргенге дейін).
- Күн қызарып батып жатқанда (ақшам намазының уақыты кіргенге дейін).
Осы үш уақыттан өзге уақыттарда қаза намаздар оқыла береді.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz