25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Истихара оқып істеген іс «қайырсыз» боп шығуы мүмкін бе?

Истихара оқып істеген іс «қайырсыз» боп шығуы мүмкін бе?

Намаз

Біріншіден, ол да басқа нәпіл намаздар мен дұғалар сияқты қабыл болуы да, қабыл болмауы да ықтимал.

Екіншіден, одан кейінгі істі «қайырлы болды», не «қайырсыз болды» деп айта алмаймыз. Біз тек «ойымыздағыдай болды, не болмады», «біз қалағандай болды, не болмады» деп қана айта аламыз. Себебі ненің қайырлы, ненің қайырсыз екенін бәрібір біле алмаймыз. Сондықтан истихара оқып бастаған сауда әрдайым жүріп кетеді немесе истихара оқып құрылған отбасы әрдайым баянды болады деген сөз жоқ. Тіпті солай болғанның өзінде де, біз үшін қайырлысы сол ма, ол емес пе, біз оны тағы біле алмаймыз. Сол үшін де барлық ісімізді, бүкіл өмірімізді Аллаға тапсырамыз...

Бірақ істің истихарасыз басталғанынан көрі, истихарамен басталғаны әлде қайда жақсырақ, әрі дұрысырақ. Өйткені, ол – біздің Аллаға қаншалықты берілгенімізді көрсететін өз алдына бір бөлек құлшылық!

материал «Истихара» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: