15
Сенбі,
Наурыз

һижри

Түнгі намаздың сипаты және оның ракағаттар саны

Түнгі намаздың сипаты және оның ракағаттар саны

Намаз

Айшадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісі (с.а.с.) түнде он үш ракағат намаз оқитын. Соның ішінде бес (ракағат) үтір оқитын. Ол бұл (бес ракағаттың) ең соңында ғана отыратын», – деп айтқан (737/123).

Ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Бір кісі Алла елшісінен (с.а.с.) түнгі намаз жайлы сұрағанда, Алла елшісі (с.а.с.): «Түнгі намаз екі-екі ракағаттан, егер әлдекім таң атып кетуінен қауіптенсе, оқыған намазын тақ етуі үшін бір ракағат намаз оқысын», – деп айтқан (749/145).

Айшадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Мен Алла елшісін (с.а.с.) қартайғанша түнгі намаздың ешқайсысында Құранды отырып оқығанын көрген емеспін. (Ал қартайған кезінде) Құранды отырып оқитын да, сүреден отыз не қырық аят қалғанда, орнынан тұрып, оларды оқып, сосын рукуғ жасайтын», – деген (731/111). 

Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісінің (с.а.с.) қасында түнде таң атқанша ұйықтаған кісі жайлы әңгіме болғанда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол кісінің құлақтарына (немесе құлағына) шайтан дәрет сындырып кетті», – деді», – деп айтқан (774/205).

Айшадан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбірің намазда қалғи бастаса, ұйқысырауы кеткенше ұйықтап алсын. Өйткені әлдекім қалғып отырып намаз оқыса, кешірім өтінгісі келіп тұрып, өзөзіне тіл тигізіп алуы мүмкін», – деп айтқан (786/222).

Жәбирден (Алла оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, түнде бір уақыт бар. Мұсылман пенде оған Алладан игілік сұраған халде дөп келсе, міндетті түрде (Алла) оған осыны тарту етеді. Сондай-ақ әр түні осылай», – деп айтқанын естідім», – деген (757/167).

материал «Муслимнің Сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: