13
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Пітір садақаны бермесем бола ма?

Пітір садақаны бермесем бола ма?

Ислам тарихы

Пі­тір са­да­қа һиж­рет­тің екін­ші жы­лы, Ра­ма­зан ора­за­сы па­рыз етіл­ген жы­лы міндеттелді. Зекеттен бұрын, пітір садақа уәжіп болды.

Сол себепті әрбір есті азамат пітір садақасын беруі қажет. Хадисші Уәкиъ ибн әл-Жәррах (р.а.) пітір жайында: «Рамазан айындағы пітір садақа – намаздағы сәһу сәждесі іспетті. Намазда жіберген қателікті, сәһу сәждесін жасау арқылы толықтырамыз. Ал, Рамазанда жіберген кем-кетіктерді пітір садақасын беру арқылы жоямыз», – деген.

Пітір садақаны беру кімге міндеттелгеніне тоқталсақ:

1. Мұсылман болуы шарт;

2. Ешкімнің қол астында, яғни құлдықта емес азат адам;

3. Өзінің қажетінен артық мүлкі бар адам.

Міне осыларға пітір садақа беру уәжіп етілген. Ол тұрмысы төмен, отбасын асырай алмай отырған адамға міндет емес. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «(Пітір) Садақаны беру қалталы адамдарға міндеттеледі», – деген (Фатхуль Бари, Китабуз Закат – 1432).

Пітір садақадан түскен қаражат кедей-кепшікке, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, кембағалдар мен көмекке зәру жандарға қажетін өтеу үшін беріледі. Пітір садақасын беру әрбір мұсылман ер және әйел үшін – уәжіп. Ер адам өзі және балиғат жасына толмаған бала-шағасы үшін беруі тиіс. Балиғат жасынан асқан балалары мен әйелі үшін пітір беру міндеттелмейді, бірақ сауап үшін берсе, екі есе сауабын алады. Ата-әжесі, туған әке-шешесі, отбасын құрып кеткен балалары, туысқандары үшін пітір берілмейді. Бірақ, жағдайы нашар алыс-жақын туған-туыстары, бауырлары арасындағы тұрмысы-нашар кісіге пітір садақасын беруіне болады. Тіпті оларға беру, өзгелерге бергеннен екі есе сауабы көп. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің бір хадисінде: «Садақаны туысына берген адамға екі сауап бар: Бірі – туыстық сауабы, екіншісі – садақа сауабы», – деген.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: