Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі Абдурашит Қарабаев Түркияның Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен мұсылман елдері бас елшілеріне арналған ауызашарға қатысты.
Рухани кеште Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын арттыру және рухани байланыстарды нығайту мақсатында түрлі мемлекеттердің өкілдері бас қосты. Түркия Дін істері басқармасының басшысы Әли Ербаш мұсылман жұртшылығына, әсіресе, палестиналық бауырларына қолдау көрсету мәселесін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде ҚМДБ өкілі Абдурашит Зиядинұлы Дианет басшысы Әли Ербаш мырзаға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, ауызашар дастарқанына шақырғаны үшін алғысын білдірді.