Ораза жайлы риуаятта:
«Ораза қалқан» басқа риуаятта «Ораза сендерді соғыста қорғаған қалқан секілді тозақтан қорғайтын қалған» деп келеді. (хадисті Имам Ахмад жеткізді).
Садақа мен түнгі намаз жайлы: «Су отты қалай өшірсе, садақа күнәні солай өшіреді және түнгі намаз да солай». (хадисті Имам Ахмад жеткізді).
«Тозақтан жарты құрмамен (садақа беріп) болсын қорқыңдар», яғни сақтаныңдар. (хадисті Имам Бухари жеткізді).
«Кімде-кім Рамазан айында түнде иманмен, сауапты үміт ете отыра құлшылық қылса оның күнәлары кешіріледі» (хадисті Имам Бухари мен Муслим жеткізді). Ғалымдарымыз түнгі намаз деп тарауық намазы меңзелген дейді.
Демек хадистерге сүйенсек үш амал тозақтан аман қалуымызға себепші болады:
1. Ораза
2. Садақа
3. Түнгі намаз
Үшеуінің екеуі яғни ораза мен түнгі намаз Рамазан айында жүзеге асады. Ораза ұстап, түнгі намазын оқимыз, ол тарауық. Енді осыған садақаны қосатын болсақ нұр үстіне нұр болады.
материал «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,
ummet.kz