Мұса ибн Исмайл (р.а.) риуаят етті:
«Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) рүкүғ қылып тұрғанында мешітке жетіп келді, содан соң сапқа жетпестен бұрын рүкүғ қылды, кейін бұлай істегенін Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтты. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла тағала намазға ықласыңызды қабыл етсін, бұдан кейін олай етпеңіз!»,- деді. (Басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Намазға келсеңіз, алдымен сапқа тұрып, содан соң рүкүғ қылыңыз!»,- деп айтқан делінеді).
Ғимран ибн Хұсайн (р.а.) риуаят етті: «Хазреті Әлимен (р.а.) бірге Басрада намаз оқыдық. Хазреті Әли (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге оқып жүрген намазымызды есімізге түсіріп: «Ол кісі әр кезде сәждеден басын көтергенде де, әр кез сәжде қылғанында да тәкбір айтатын еді»,- деді.
Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы айтып жатып: «Ол кісі намазда Сахабаларға имамдық қылса, әр сәждеге барған кезінде және сәждеден басын көтергенінде тәкбір айтатын, мен бәріннен гөрі көбірек Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұқсатып намаз оқимын»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz