24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мас адамның талақ етуі жарамды ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Мас адамның талақ етуі жарамды ма?

Жауап: Адам ауру болса немесе адамды мас қылатын дәріден басқа дәрі таба алмағаны үшін оны ішсе немесе оған күшпен ішімдік ішкізсе және соның салдарынан мас болып, әйелін талақ ететін болса, діни неке бұзылмайды.

Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Шүбәсіз Алла үмметімнен қателесу, ұмыту және жасауға мәжбүрленген нәрселердің (үкімін) жойған».[1]  

Бірақ ешқандай себепсіз ішкен ішімдіктің салдарынан әйелін талақ ететін болса, ханифилар мен шафиилардың иджтихадында әйелін талақ еткен болып саналады. [2]

 

 

[1]. Бұхари, Талақ, 44; Шурут, 12; Ибн Мәжә, Талақ, 16, 20.

[2]. әш-Ширази, әл-Мүхәззаб, II, 77.

Ислам ғылымхалы дәлел-дәйектерімен

Бөлісу: