29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Астанада құрбан шалатын орындар белгіленді

Мешіт тынысы
Жарнама

Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік «Айт намазы» оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді. Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды.

 Құрбан айт кезінде мал союға рұқсат берілген орындар: 

1.  «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш, 30 тас жолы («Көк Базар» базар жақта);

 Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 11, 34, 38, 41, 53, 58, 120, 127;

2.  «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы);

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 71;

3.  «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар»  тас жолы 9 шақырым;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады:№ 307;

4.  «Мақсат 2007» ЖШС, «Железнодорожный» ТМ, ул. Ақжар, 20;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 15,22;

5.   «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары),  Тілендиев көшесі, 24;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады:№ 4, 71, 81;

6.   «Темеш» ШҚ, Астана-Софиевка тас жолы 7 шақырым;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 307;

7.  «Мамырханов» ЖК, «Өндіріс-1» ЖМ;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 24;

8.  Есжанова А. ЖК, «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады: № 7, 34, 38, 39, 41, 120, 127;

9.  «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңында;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады:№ 308, 309;

10.  «Сапа Су» ЖШС, Қосшы кенті, 4340 ү., Қосшы кентінің маңында.

d5400b20cd07b98b4804590353a

Сонымен бірге, 28-29 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық филиалы «Нұр Астана» орталық мешітінде шариғат бойынша құрбандық шалудыға арналған қасапшылар үшін екі күндік оқыту семинары өтеді.

Семинарға кез-келген адам қатыса алады. Өзіңмен бірге жеке куәлік пен санитарлық кітапшаны әкелу қажет. Семинардың басталуы сағат 09.00-де, мекенжай: Астана қ. Қабанбай батыр даңғылы 36.

Оған қоса әр учаскеде мұқтаж адамдарға құрбандық шалуды қабылдау бойынша пункттер жұмыс істейтін болады. Бұндай пункттер елорданың барлық мешіттерінде жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге салайық, елорда тұрғындары мен қонақтары «iMuslim Astana» мобильді қосымшасы жұмыс істейді, ол AppStore және PlayMarket қосымшалары арқылы қолжетімді. Онда Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандық шалуға болатын жерлерге қандай автобустар жүретіні жөнінде ақпарат қамьылады. 

Кез-келген туындаған мәселелер бойынша (діни бағытта) кеңес алу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары тәулікбойы жұмыс істейтін «2288» сенім телефонына хабарласа алады. Қоңырау шалу тегін.

Елордалық әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мал союға арналған санкциаланбаған орындар Тұтынушылардың құқығын қорау бойынша басқарма мамандарымен санитарлық-эпидимиялық тексеруден өткен жоқ, ал жануарлар ветеренарлық қызметтермен тексерілген жоқ. Қала билігі тұрғындарға сақ болуды үндейді.

astana.gov.kz

 

 

Бөлісу: