25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Егер Әбу Ханифа мәзһабын ұстанбасақ...

Егер Әбу Ханифа мәзһабын ұстанбасақ...

Ақида
Жарнама

Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа қашан да ғұмыры мен бар мал-мүлкін Алла разылығы жолында жұмсап, келер ұрпаққа жақсы өнеге қалдырды.

Ол қайтыс болғанда Ибн Жәриж қайғыға беріліп: «Қандай білім кетті! Қандай білім кетті!» – деп жылаған екен. Абай атамыздың: «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» – деген сөздері де осындай дара тұлғаларға арналған шығар.

Қазақстан халқының басым бөлігі Әбу Ханифа мазһабын ұстанады. Сондықтан қазіргі басты мақсат – халқымыздың имандылығын, руханидеңгейін өсіру Күні үшін адамгершілікке тән қасиеттерге жетелейтін, әділдікті, шындықты, адалдықты уағыздайтын, елін, халқын сүюге тәрбиелейтін, басқа ұлт, басқа діндерге құрметпен қарайтын, ең жақсы әдет – ғұрыптарды уағыздайтын ислам дінінің құндылықтарын сауаттылық әрі парасаттылықпен насихаттау. Күні кешегі атеистік идеологияның уытынан әлі айыға алмаған бүгінгі қоғамда діни сауаттылық пен танымның жеткіліксіздігінен түрлі ағымдар мен топтар жетегінде кеткен кейбір қандастарымыздың аузынан: – Әбу Ханифа мазһабын ұстанудың қажеті қанша?–деген қыршаңқы сауал ішінара болса да естіліп қалады. Бұл сауалды қоюшыларға ең алдымен Әбу Ханифа мазһабының ерекшеліктері мен мән-маңызын тереңірек зерделеуге кеңес берер едік. Екіншіден олар бұл құқықтық мектепті ата-бабаларымыз неге ұстанған деп, оның өміріміз бен қоғамымыздағы алар орны мен ролін бағамдауы ләзім. Осы мазһабты неге әлем мұсылмандарының жартысына жуығы ұстанатынына көңіл бөлуі тиіс. Бірлік пен ынтымақ әрбір мұсылман үшін аса қымбат.

Олай болса, Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ете түсу үшін, халқымыздың діни бірлігі мен рухани ынтымағын сақтап күшейту үшін Әбу Ханифа мазһабы қажет. Егер Әбу Ханифа мазһабын ұстанбасақ, діни-рухани бірлік, тұтастықтан айрылып, арамызға діни алауыздық араласып, жік түседі. Діни амал жайлы бітпес дау, бірінің жағасынан бірі алу басталады. Менікі дұрыс дейтін топ-топқа бөлініп, ынтымақтан айрыламыз. Жақсы ғұрып пен әдет әдіра қалып, жақсы әдетке де қарсы шығуымыз көбейеді. Мұныңарты мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер беріп, қасіретке душар етуі мүмкін. Алла тағала ғибадаты мен ғибраты мол, жомарт, жұмсақ мінезді, тақуалы ұлы имамымыз Әбу Ханифаны рақымына бөлесін.

материал «Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: