26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әһлі сүннет және жамағат сенімі

Әһлі сүннет және жамағат сенімі

Ақида
Жарнама

Әһлі сүннет және жамағат дегеніміз – Құран мен сүннетке амал етушілер. Ал сенім мәселесіне келетін болсақ, әһлі сүннет және жамағат деп екі ұлы имамдардың соңынан ергендерді айтады.

Олар: Әбу әл-Хасан әл-Ашғари және туралықтың имамы Әбу Мансур әл-Матуриди (Алла ол екеуін рақымына бөлесін). Әбу әл-Хасан әл-Ашғари мен Әбу Мансур әл-Матуриди төрт мәзһабтың ізбасарлары. Төрт мәзһаб болса, олар ханафи, мәлики, шафиғи және ханбали мәзһабтары. Төрт мәзһаб ізгі алғадайлардың («сәләф салих») сахабалардың, табиғиндер мен табаға табиғиндердің соңынан ергендер болып табылады. Бұл көрсетілген тізбектің ең басында ардақты пайғамбарымыз Алла Елшісі Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бар.

Әһлі сүннет және жамағаттың сенімі бойынша Алла Тағала дене болудан пәк. «Алла Тағаланың денесі бар», «Алланың денесі біздің дене сияқты емес», «Денесі бар, қандай екендігін білмейміз» деп айту күпірлікке апаратын сөздер болып саналады. Алла Тағаланың денесі болуы мүмкін емес екендігіне қатысты ақылдық және нақли дәлелдер бар. Алла Тағаланың денесі болуы мүмкін еместігіне байланысты Құран Кәрімде келесідей нақты дәлел бар: «Еш нәрсе Ол сияқты емес», – делінген. Осы аяттан түсінетініміз, қандай жаратылыс болсын, олардың ешқайсысы Аллаға ұқсамайды және Алла Тағала Өзінің жаратқан жаратылысының ешқайсысына ұқсамайды. Осы нақли (Құран аяты) дәлелден кейін ақыл өлшемімен шешімін айтатын болсақ: егер «Алла Тағаланың денесі бар, қандай екенін білмейміз» деп айту, Алла Тағаланың кемшілігі бар дегенді білдіреді (әстағфирулла). Ал Алла Тағала барлық нәрседен үстем болуы, еш нәрсеге ұқсамауы, барлық кемшіліктер мен нұқсаннан пәк болуы Алла үшін жәиз (мұның болуы мүмкін).

Сонымен қатар әһлі сүннет және жамағаттың сеніміне сәйкес, Алла Тағаланың орыны, мекені жоқ, уақыт пен заманға тәуелді емес, мекендік орын тұрғысынан үстінде, төбеде, астында, төменде, алыста, жақында деп айтуға, солай деп ойлауға болмайды. Алла Тағалаға қатысты (алты) бағыт-бағдарды елестетуге, ойлауға, айтуға болмайды. Ақиқатында Алла Тағала барлық кемшіліктерден, нұқсандықтан пәк. Алла Ұлы, Алла еш нәрсеге ұқсамайды. Алла Тағала мекен-орынға, бағыт-бағдарға, уақыт-заманға еш мұқтаж емес. «Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Тірілтеді, өлтіреді. Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші».

  

Дайындаған: Берікбол Мергенбайұлы

Бөлісу: