26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Басқа мәзһабтағыларға қандай көзқараста болуымыз керек?

Басқа мәзһабтағыларға қандай көзқараста болуымыз керек?

Ақида
Жарнама

Алла тағала «Бақара» сүресінің алғашқы аяттарында «һидаят» (тура жол) ұғымына анықтама берген.

Сондағы анықтамаға сай, «ғайыпқа иман келтірген, намазды толық орындаған, өздеріне берілген нығметтерден Алла жолында жұмсаған, Әзірет Мұхаммедке (с.ғ.с) және одан бұрын келген пайғамбарларға сенген, ақырет күніне иман келтіргендерге» (4) Алланың жолында тура жолдағылар. Сондықтан да, Алланың сипаттарына немесе басқа да иманға қатысты егжей-тегжейлі мәселелерде өздеріне тән көзқарас пен түсініктемелерге ие болған жандарды ешқашан кәпірлікпен айыптауға болмайды.

Нақтырақ айтқанда, сәлафия ағымында болған бір адам иман мәселесіне келгенде Матуриди немесе Әшғари мәсһабындағы біреуді немесе Әшғари болған біреу сәлафия ағымындағы біреуді кәпір дей алмайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тәкфир (кәпірлікке шығару) жайында өте мұқият болуды әмір еткен. Өзі Мәдинадағы мунафиқтарды білсе де, оларды кәпір деуден аулақ болған. Сондай-ақ, үмбетін де «мен мұсылманмын» деген жандарды «кәпір» деуден сақтандырған. (5)

Сондықтан да, қандай да бір жанның діни саладағы түрлі көзқарастары ашық түрде күпірлікке жатпаса, онда оның наным-сенімі, сөздері немесе әрекеттері күпірлікке жатады деуден аулақ болу керек. Оның үстіне, бұл мәселеде Пайғамбарымыздың өсиетін ұстанған әһли сүннет ғалымдары құбыла иелерін немесе қандай да бір мәсһабтағыларды күнәсіна немесе жасаған қателіктеріне бола кәпірлікпен айыптамау – негізгі принциптерінің бірі екенін атап өткен.

 

4 Қар: «Бақара» 2/2-5

5 Бұхари, «Фараиз, 29; Мүслім , «Иман» 27

«Ислам дегеніміз не?» кітабынан

Нұр-Сұлтан, 2020

ummet.kz

Бөлісу: