Харам азық көңілді қарайтады, ауру етеді. Зуннун Мысри хазреттері былай деген: Көңілдің қараюының төрт белгісі бар:
1) Ғибадаттың ләззатын сезінбейді.
2) Алла қорқынышы есіне түспейді.
3) Көргендерінен ғибрат алмайды.
4) Оқығандарын, үйренгендерін түсініп, ұғына алмайды.
Хазреті Мұхаммед бин Фадл Бәлһи де былай деген: Төрт нәрсе көңілдің қараюына себеп болады:
1) Үйренгенімен амал етпеу.
2) Білместен орындау.
3) Білмегендерін үйренбеу.
4) Басқалардың үйренуіне кедергі болу.
Нәпсі жаман қалауларынан (діннің тыйым салған нәрселерінен) тыйылған кезде көңіл тазарады. Көңілді тазалау үшін “риязат” және “мужахада” керек. Риязат дегеніміз нәпісінің қалауларын жасамау деген сөз. Нәпсіміз харамдарды, мәкрухтарды жасауды қалайды және солардан зауқ алады. Бұлардан қашу керек. Мужахада дегеніміз нәпсінің қаламайтын нәрселерін орындау дегенді білдіреді. Нәпсіміз жақсылық және ғибадат жасауды қаламайды. Жақсылық және ғибадат ету арқылы көңілді тазалау керек.
Нәпсінің қалаған барлық нәрселерінің ахиреттегі мәңгі ниғметтердің жанында ешқандай құны жоқ. Ақырет ниғметтері алтын болса, дүниелік пайдалар қаңылтыр да бола алмайды. Бұл өткінші қарапайым пайдалар, шексіз нығметтермен салыстыруға да келмейді.
материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,
ummet.kz