20
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Уәсуәсә – шайтанның мүминдерге істейтін соңғы айласы

Уәсуәсә – шайтанның мүминдерге істейтін соңғы айласы

Иман келтіру

Уәсуәсә (шектен тыс шүбәлану, секемдену) – шайтанның мүминдерге істейтін ең соңғысы айласы.

Ғибадат жасауға жаңадан ден қойып жүргендерде әдетте уәсуәсә болмайды. Бұл көбіне шын көңілден дінге бой ұрған діндар жандарда ұшырасады. Шайтан иман турасында да адам ойына жиі күдік салып, арпалысқа түсіруі мүмкін.

Уәсуәсәнің дерт болып жабысуы дегеніміз бұл – әлдене жайында адамның егжей-тегжейлі ойланып, әуре-сарсаңға салынуы. Уәсуәсәмен әбігерленуші адамға түбегейлі түсіндіріп, жөнін айтқан дұрыс.

Мәселен, біреу дәрет алғанда басына мәсіх тартқанына күмәнданса және мұндай жағдай жиі қайталанса «мәсіх тарттым» деп намазын оқығаны жөн. Намазды үш немесе төрт рәкағат оқығанынан жаңылатындар, егер уәсуәсә күнделікті қайталанып тұрса «төрт рәкағат оқыдым» деп бітіргені абзал. Нәпсінің санаға салған күмәніне осылайша қарсы тұру керек. Өйткені, уәсуәсә жіберу арқылы шайтан адамның тынышын алып, құлшылығын әбігерлікке айналдыруға тырысады.

Уәсуәсәдан құтылудың жолы секемденген нәрсе туралы қайта-қайта ойлауда емес, оған қарсы тұруда. Еш абыржымастан жаңылысқан болса да «әйтеуір хақ мәзхабтың біреуіне сай келер» деп ғибадатты аяқтаған абзал. Уәсуәсәдан құтылған соң құлшылықты бәзбаяғы қалпынша жалғастыруға болады.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: