20
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Яқин және оның пайдасы

Яқин және оның пайдасы

Иман келтіру

Жан тазалығын сақтауға итермелейтін сипаттардың бірі – яқин. Яқин дегеніміз – Алланың әмірлері мен уәделеріне, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рұқсат берген және тыйым салған сөздеріне шын сену, яғни лайықты түрде иман келтіру.

Жаратушы Жаббар Иеміз Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарына және пайғамбарына бірте-бірте түсірген Кітапқа, сондай-ақ бұрын түсірген иләһи кітаптарға лайықты түрде иман келтіріңдер» («Ниса» сүресі, 136-аят) деп әмір еткен.

Яқин сенімі күшті мүмин сол ғайып әлемді көзіме көргендей халде болып, амал-харекетке көшеді. Оның сенімі оған маза бермей бейне махшарда жүргендей өмір сүреді. Жаза басудан қорқып, ізгілікке жаны құмар болады. Яқин – иман күшінің шексіз екенін көрсетеді. Жүректегі сенім берік орнықса, онда әлгі адамды яқини сенім иесі деп айтуға толық негіз бар» деп жазылған.

Яқин және оның пайдасы

Адам жақсы нәрсені тани түскен сайын соған ынтық болады. Оны көруге асығады. Яқин сенімі күшті мүмин сол ғайып әлемді көзімен көргендей халде болып амал-харекетке көшеді. Оның сенімі оған маза бермей бейне махшарда жүргендей өмір мүреді. Жаза басудан қорқып, ізгілікке жаны құмар болады. Яқин – иман күшінің шексіз екенін көрсетеді. Жүректегі сенім берік орнықса, онда әлгі адамды яқини сенім иесі деп атуға толық негіз бар.

Сынақтың ауыртпалығы яқины күшті адамды жыға алмайды. Осыны меңзеп Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мүмин адам жаңа шыққан шөп секілді. Ұйытқыған жел оны жұлып ала алмайды. Мүминнің басына сынақ келсе мойымайды» (имам Мүслим).

Яқин – адамды қоғамға пайдалы әрі мақсат-мұратына жететін шын мұсылман етеді. Мәңгілік азаптан құтылып, шын жетістікке жетуімізге себеп болады. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Олар ғайыпқа кәміл сенеді. Намазды кемеліне жеткізіп, .збей әрі уақытылы оқиды және Біз өздеріне ризық етіп берген нығметтерден жұмсайды. Сондай-ақ, олар саған түскен Құранға және өзіңнен бұрын түскен иләһи кітаптар мен парақтарға да иман келтіреді. Ақыретке де кәсіл сенеді. Міне солар – Раббыларының тура жолында, әрі олар мәңгілік азаптан құтылып, ең үлкен жетістікке, мақсат-мұраттарына жетеді» деп сипаттайды («Бақара», 3-5 аяттар). Демек, аллаға, Пайғамбарға кәміл иман келтіріп, ақырет күніне кіршіксіз сенген, яғни яқин дәрежесіне жеткен мұсылмандар екі өмірдің бақытына кенелері сөзсіз және қоғамға ең пайдалы адамдар осылар. Себебі мұндай сенімге ие болған адам, аятта айтылғандай, бойында бар жақсылығын айналасына таратып, иманының нұрымен, жанының жылуымен маңайындағыларға жарық беріп, жылу төгеді.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: