28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Бүгін - қасиетті Қадір түні

Бүгін - қасиетті Қадір түні

Мешіт тынысы
Жарнама

11 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін – барша мұсылман қауым асыға күткен қасиетті Қадір түні, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ислам ғұламаларының басым көпшілігі Рамазан айының жиырма жетінші түніне тоқталуына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми түрде маусымның 11-нен 12-не қараған түнді – Қадір түні деп белгілеп отыр.

Мың айдан да қадірлі, береке мен сауапқа толы, Алланың мейірімі жауған түнді Рамазан айының соңғы он күніндегі тақ түндерден іздеңдер делінеді хадисте. Сондай-ақ, имам Ахмад сахих хадисте ибн Омардан (р.а) жеткізеді: «Кім оны іздесе, жиырма жетінші түні күтсін»[1]. Убай ибн Қағб (р.а) былай деді: «Аллаға серт! Ибн Масғұд (р.а) оның Рамазанның жиырма жетінші түнде екенін біліп қойды. Бірақ босап кетулеріңнен қорқып, оны сендерге білдіруді жек көрген болатын»[2].

Бүгін періштелер түсіп, береке орнаған қасиетті Қадір түнін ғибадатпен өткіземіз деген жамағатқа Астана мешіттерінің есігі ашық. Әрине, Алла Тағаланың мейірімі мен кешірімінен үміттенген жандар бір түнмен ғана шектеліп қалмасы анық.

Ал, бүгінгі түнде жамағатпен жасалған ғибадаттың сауабынан үлес аламын деушілерге Елорда мешіттерінде таң намазына дейін арнайы бағдарлама ұйымдастырылмақ. Тарауық намазынан кейін жиналған қауыммен бірге Құран Хатым дұғасы жасалады. Сонан соң уағыз-насихат жүргізіледі.

«Нұр Астана» орталық мешітіндегі  Қадір түніне байланысты шараларды сағат 23:00 мен 03:00 аралығында «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Сонымен бірге, орталық мешітте 2000-нан астам адамға сәресі беріледі деп жоспарлануда.

Ал, қасиетті түнге қатысты қосымша ақпараттарды төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар.

Қадір түні - тағдыр түні

Қадір түні оқылатын таңдаулы дұғалар

Қадір түнінің қасиеті қандай?

Әйелдер қадір түнін қалай қарсы алуы керек?

Қадір түніне байланысты сүренің түсу себебі

Қадір түнінде жасалатын дұға (ВИДЕО)

Қадір түні істелуі тиіс ең таңдаулы амалдар

Қадір түнінің қайырынан құр қалатын адамдар жайлы

Қадір түнінің сауабы кімдерге беріледі?

Пайғамбар (с.ғ.с.) ең болмағанда өміріңізде бір рет оқуға өсиет еткен намаз

 Қадір түніндегі ең жақсы амал қайсы?!

Қадір түні хақында

Қадір түні Қыдыр ата келетіні рас па?!

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.


[1] «Сахих Ибн Хузайма» 3/329.

[2] Имам Бұхари, Имам Мүсілім

Бөлісу: