Хадистерде Қадір түні періштелер таң атқанға дейін әрбір тұрған, отырған және намаз оқып, Алланы зікір еткен пенделерге сәлем беріп, олардың дұғаларына «әмин» деп тұратындығы баяндалған. Алайда Қадір түнінің жақсылықтарынан мақрұм қалатын адамдар жайында Ибн Аббастан риуаят етілген хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.):
«Қадір түнінің сәресі таңында Жәбрейіл (ғ.с.) (қасындағы) періштелерге:
– Оралайық-оралайық кететін уақыт болды, - дейді.
– Уа, Жәбрейіл, Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетінің қажетімен Алла не істеді?
– Ақиқатында Алла Тағала оларға назар салып, күнәларын кешіріп, жарылқады. Тек төрт түрлі адамдар бұдан тысқары қалды.
– Бұл төрт түрлі адамдар кімдер?
– Маскүнем, ата-анасына қарсы келуші перзент, туысқандық байланысты үзгендер мен дауласушылар.
– Дауласушы деген кім?
– Үш күннен артық бауырымен сөйлеспей, араздасуын жалғастырушы адамдар.
ummet.kz рухани-ағарту порталы