Алла Тағала: «Егер ерлі-зайыптылардың ажырасып кетуінен қорықсаңдар, ер адамның өз жұртынан бір әділ төреші, әйелдің төркінінен де бір әділ төреші тағайындаңдар. Бұл екеуінің ниеті оларды жарастыру болса, сөзсіз, Алла Тағала оларды қайта табыстырады. Шүбәсіз, Алла – Алим (бәрін біледі), Хабир (барлық нәрседен хабардар)» («Ниса» сүресі, 35-аят) деген.
Балаңыз кісі сыйлай білсін десеңіз
Қарапайымдылықтың туа бітпейтінін, уақыт өте келе жұғатындығын ескеріңіз. Бұларды ылғи да қайталап отырған жөн.
Ер адам өз отбасында не нәрсеге көңіл бөлу керек?
Отбасы бақытының мықты негізге қалануы салиқалы әкенің жанұяны дұрыс басқаруына тікелей байланысты. Салиқалы әке дегеніміз – отбасының күнкөрісін, тәрбие алуын, қорғалуы мен тәртібін ең көркем түрде орындап, қадағалайтын әке деген сөз. Ал бұл өз алдына білімді болуды, көзі ашық, көкірегі ояу болуды, еңбекқорлықты және ең бастысы, иманды да көркем мінезді болуды қажет ететін дүние.
Бала тәрбиесі: Атқа мінудің пайдасы
Баланың денесін шынықтыратын жаттығудың бір түрі – атқа міну. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) атқа мініп шабуды балаға үйретуді, оны күнделікті жаттығу ретінде қолдануды айтқан. Ат және түйе жарыстарын өткізіп тұруға шақырған (Нәсәи, Хайл, 6/214-229).
Әйелдер қай кезде құлшылықтан босатылады?
Аса рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын. Алла Тағалаға сансыз мадақ, шексіз шүкіршілік болсын. Алла Тағаланың сүйікті Елшісі, адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын.
Ер кісінің міндеттері: Жұбайын орнымен қызғану
Отағасының отбасы құлшылығына жауаптылығының деңгейі олардың Исламды танып, білуін қадағалаумен ғана шектелмейді. Үй ішіндегі жандардың қай-қайсысының да харам жасауына көз жұмып қарамай, мұндай іске қарсы тұрып, жирендіру де басты міндеті. «Қызды қырық үйден тыю» дегендей, қыз балалары мен əйелінің келте киініп, кез-келген ер кісімен емін-еркін араласа беруіне жол бермей, отбасын сұқ көздерден қызғыш құстай қорғау ер азаматтың намысты ісі.
Кәміл баланы кәміл ата-ана ғана тәрбиелейді
Бала тәрбиесін әуелі ата-ананың тәрбиесінен бастау керек. Өйткені тәрбие атты киелі іс тек қана мүрәбби (тәрбиелеуші) сипатына ие болған тәрбиелі ата-ананың қолынан келетін іс.
Бесік – қасиетті Құранда аты аталған бұйым
Қасиетті Құран Кәрімде сәби дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, дүниеден зыр етіп өткенге дейінгі аралықта нелер жасалуы керек екендігіне байланысты тақырыптар қозғалады. Соның бірі һәм бірегейі нәресте дүниеге келген сәтте нендей шаралар жасау керектігі де баяндалған.
Отағасының міндеті: Жұбайының білімін жетілдіруіне жағдай жасау
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде білімнің мұсылман ер мен əйелге ортақ парыз екенін айтқан. Хадисте сөз болған үйренуі парыз білімнің саласы – діни ілім. Дінді үйрену – өмірді үйрену. Өйткені дін өмірдің барлық қатпарын қамтитын, қиындық атаулының барлығын шешуге қабілетті үлкен мектеп.
Ерте жаста некеге тұру мен мәжбүрлі некенің зардаптары
Отбасылық байланыс мықты болуы үшін, отбасылық және өмірлік тәжірибелері бар жан-жақты жетілген, өзіндік көзқарастары қалыптасқан ер мен әйелдің некелік қарым-қатынасынан үлгі алу керек. Сондықтан әрбір отбасын құрамын деуші жастар алдымен ата-анасының отбасындағы жылуын, тәрбиесін алып, білім алып, өздерін психологиялық, рухани және материалдық құндылықтарын қалыптастырып, қажеттіліктерін өтей алған кезде ғана ересек өмірге дайын болады. Ал олардың физиологиялық дене бітімдері толық жетілген сау болуы керек. Қыз балалар – дендері сау ұрпақты дүниеге алып келетіндей, өздерінің денсаулықтары мен өмірлеріне қатер туындатпайтын денсаулықтары болуы керек.
Исламдағы отбасы: сүйіспеншілік пен құрмет
Адамзатты махаббатпен жаратқан Алла тағала күллі болмыс арасын сүйіспеншілік пен мейірімділік сезімдері арқылы жіпсіз байлап тастаған. Адам баласы жалған дүниенің ауыр жүгін осы сүйіспеншілік арқылы көтере алады. Егер махаббат пен мейірім болмаса, ешбір тіршілік иесі бір-бірін жақсы көріп, өзара отаспас еді.