27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Кәміл баланы кәміл ата-ана ғана тәрбиелейді

Кәміл баланы кәміл ата-ана ғана тәрбиелейді

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бала тәрбиесін әуелі ата-ананың тәрбиесінен бастау керек. Өйткені тәрбие атты киелі іс тек қана мүрәбби (тәрбиелеуші) сипатына ие болған тәрбиелі ата-ананың қолынан келетін іс.

Бір ақын айтқандай:

Өзі мұқтаж қария баспанаға,

Қайдан пана болсын өзі басқаларға!

Өз тәрбиесі толық емес ата-ананың балаларына берер тәрбиесі қаншалықты болар?!.. Сондықтан бала тәрбиесі ата-анадан басталатын болса, нәтижесі де мол болады.

Сол ақын айтқандай:

Болуы керек әке үйдің тұғыры берік тірегі,

Болуы керек ана үйдің әсем гүлі, жүрегі...

(Сейри)

Осы ақиқат аясында бала тәрбиелеу мәселесінде ата-ананың мына нәрселерге көңіл бөлгені жөн:

а) Балалардың дін мен адамдықтың шегінен шықпайтындай етіп, өз балалық шақтарының қызығын көруге мүмкіншілік жасау керек. Бірақ оларды тым еркінсітіп те, тым қатты қысып та жібермеу керек. Өйткені қатты еркіндік нәпсіні құтыртып, жалқаулыққа апарса, тым қатты қысу баланы жасық, жасқаншақ етіп тастайды. Қатты қыспақ көрсету кейбір өр мінезді балалардың асау болып, бағынбай кетуіне себеп болуы да мүмкін. Мұндай балалар кейін ата-анасының сөзін құлаққа ілмейтін дәрежеге жетуі де ғажап емес. Сондықтан да ата-ана белгілі әдіспен балаларды уақыттарын жақсы да пайдалы амалдармен толтыруына көмектесуі керек.

ә) Оларға Жаратушы Иенің нығметтері жайында айтып, «хамд пен шүкір» айтуға ынталандыру керек. Пайғамбарымыздың өмірінен мысалдар келтіріп, ішкі әлемдерінің рухани пісіп-жетілуіне уақыт бөлу керек.

б) Кішкентай кездерінен бастап «ғибадат пен дінге қызмет етуге» үйретіліп, олардың қаншалықты маңызды екенін ұғындырулары керек. Қысқасы, балаларымыздың кәміл адам болып өсу керектігін қалайтын болсақ, өзіміз де кәміл ата-ана болуға тырысып бағуымыз қажет.

материал «Дүниедегі Жәннат – Тұғырлы отбасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: