Кейде жастардың ажырасуына құдалар арасындағы келіспеушілік те себеп болады. Құдалық қатынасқа қатты мəн беретін біздің қазақта мұндай жағдайлар көптеп кездеседі.
Тәрбие ұстарымдары: Баламен ақылдасу
Құрандағы аяттардан баланы болашақ өмірге даярлау барысында үлкендердің үнемі оған ақыл-кеңес беруі, тәрбиелеуі ғана емес, сонымен қатар онымен ақылдасып, пікірін сұрап отыру керектігін де көреміз. Бұл әрі ата-ананың баласына қаншалықты мән беретінін көрсетеді. «Саффат» сүресінде Ибраһим пайғамбар мен ұлы Исмаил арасында болған оқиға баяндалады.
Әйел – ері үшін гауһар тас, басқаларына алтын
Әйел кісі өз ері үшін – гауһар тас, ал бөтен еркектерге – алтын болуы керек.. Өйткені , алтын – еркектерге харам етілді. Ал гауһар нұрға бөлейді, қолына алған адамға өз нұрын одан әрі күшейтеді.
Қыздың жасауы мен мəһір арасындағы айырмашылық
Халқымыздың ежелден келе жатқан салттарының бірі – ұзатылған қызға жасау беру. Ислам құқығында қыздың жасауы өз алдына жеке тақырып ретінде қарастырылған. Себебі, қыз жасауы материалдық құқық болып табылады.
Бала тәрбиесі: Кемшіліктерін бетке баспау
Жөнге салудағы басты ұстанымдардың бірі – кемшілікті бетке баспау. Сондықтан жасалған қателікті жағдайға қарай толықтай кешіру не көрмеген сыңай таныту немесе жанама жолдар арқылы ескерту жасаған жөн.
Бала тәрбиесі: Жақсы көру мен қорқыту
Кейбір зерттеушілер мен тәрбиешілер бала тәрбиесінің жемістілігі баланы жақсы көруде әрі тәрбие ісіне толық көңіл бөлуде деген (Песталози, Толстой, Бакуле).
Ерлі-зайыптыларды Жәннатқа жетелейтін пікір
Өткен заманда Асмай деген кісі сапарға шығыпты. Шөл далада кетіп бара жатып бір шатырды көреді. Лашықтың алдында отағасы мен жұбайы отыр екен.
Балаңыз төрт жасқа толғанда мынаны ескеріңіз
Бұл жаста бала талап-тілектерінің дер кезінде орындалмағанына түсіністікпен қарауға үйрене бастайды. Қоршаған ортаның белгілі бір тәртібі барын аңғарып, соған қарай бейімделе түседі. Өзіне бір-екі дос табады. Тек өзінің айтқандары емес, басқалардың да айтқандарының болатынын түсіне бастайды. Кезек күтуді, бөлісуді, басқаларға жол беруді үйренеді.
Ажырасу және оның себептері: Әлеуметтік жағдай
Отау көтеру адам өміріндегі ең қуанышты сəт. Өйткені отбасылық өмір осы дүниеде ғана емес, арғы дүниеде де жалғасын таппақ. Бір өкініштісі сол, адам баласы өткінші сынақтарға сабырсыздық танытып Алла ұнатпайтын ажырасуға барып жатады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Алла тағалаға адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы – ажырасу» деп мұның оңды іс емес екенін айтқан.
Отбасында еркектер көңіл бөлуі қажет мәселелер
Ер азамат үйленуге шешім қабылдаған кезде ең алдымен өзін және өз мойнына алған бала-шағасын адал киіндіріп, тамақтандыратындай табыс көзіне мұқтаж. Өйткені асыл дініміз отбасының күнкөрісін қамтамасыз ету міндетін еркектің мойнына артып қойған әрі арнайы соған байланысты оның мұрагерліктегі үлесін артығырақ етіп белгілеп қойған.
Бала тәрбиесі: Аурудың алдын алу шаралары
Баланың денсаулығын сақтау – ата-аналық міндеттердің бірі. Ал оның денсаулығын сақтау шараларының бірі – аурудың алдын алу арқылы жүзеге асады. Аурудың алдын алу жоғарыда айтып өткен денені шынықтыру, тазалыққа көңіл бөлу, дұрыс қоректенуге байланысты. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың денсаулықты сақтау үшін айтқан келесі өсиеттері де өте маңызды.