26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Балаңыз 7-10 жас аралығында болса, мынаны біліңіз

Ислам дінінде бала тәрбиесінде тәмииз жасының маңыздылығы ерекше. «Тәмииз» араб тілінде «ажырату, айыру» деген мағынаны білдіреді. Тәмииз жасы дегеніміз, баланың бір нәрсені басқаларынан саналы түрде ажырата алуы. Тәмииз жасын мұсылман ғұламалар өздерінің зерттеу салаларына қарай әр түрлі сипаттаған.

Ер мен әйелдің жауапкершілігін оятатын мотивация

Отбасылық өмірде әйелге ең үлкен ынта беретін нәрсе – өзін ерінің жақсы көретінін сезіну. Ер адамның ынтасын көрсетілген құрмет пен өзін қажет адам ретінде сезіну арттырады. Осы айтылған нәрсе екі жақта да жауапкершілік сезімін оятады.

«Күйеуінен ажырасуды талап еткен əйелге Жəннаттың иісі харам»

Бір хадисте ерлі-зайыптылардың арасына от салу үшін барын салатын малғұн əзəзілдің іс-əрекеті былай баяндалады: «Ібіліс судың (теңіздің) үстіне тағын құрады. Əскерлерін топтарға бөліп, əр тарапқа жібереді. Əскерлерінің ішіндегі адамзатқа ең көп жаманшылық тигізгенінің мансабын жоғарылатып, дəрежесі жағынан да өзіне ең жақыны санайды.

Балаңыз алты жасқа келгенде мынаны ескеріңіз

Бұл балалықтан жасөспірімге қарай қадам басатын кез болғандықтан, бала екінші өтпелі кезеңді басынан өткізеді. Бес жасына қарағанда мінезі шатақтау болып, сырттан қарағанда енжарлыққа бой алдырғандай көрінеді.

Әйелдің ізеттілігі қоғамды Жәннатқа айналдырады

Әйелдің ізеттілігі мен нәзік қылығы қоғамды жәннатқа айналдырады. Сол жәннатта өсіп, жетілген ұрпақтар қоғамның тыныштығы мен бақытының кепілі болады. Сондықтан да салиқалы жанұядағы әйел қоғамның хрусталь шамы іспеттес.

«Ер мен әйелдің арасын жарастыру» аятының тәпсірі

Алла Тағала: «Егер ерлі-зайыптылардың ажырасып кетуінен қорықсаңдар, ер адамның өз жұртынан бір әділ төреші, әйелдің төркінінен де бір әділ төреші тағайындаңдар. Бұл екеуінің ниеті оларды жарастыру болса, сөзсіз, Алла Тағала оларды қайта табыстырады. Шүбәсіз, Алла – Алим (бәрін біледі), Хабир (барлық нәрседен хабардар)» («Ниса» сүресі, 35-аят) деген.

Балаңыз кісі сыйлай білсін десеңіз

Қарапайымдылықтың туа бітпейтінін, уақыт өте келе жұғатындығын ескеріңіз.  Бұларды ылғи да қайталап отырған жөн.

Ер адам өз отбасында не нәрсеге көңіл бөлу керек?

Отбасы бақытының мықты негізге қалануы салиқалы әкенің жанұяны дұрыс басқаруына тікелей байланысты. Салиқалы әке дегеніміз – отбасының күнкөрісін, тәрбие алуын, қорғалуы мен тәртібін ең көркем түрде орындап, қадағалайтын әке деген сөз. Ал бұл өз алдына білімді болуды, көзі ашық, көкірегі ояу болуды, еңбекқорлықты және ең бастысы, иманды да көркем мінезді болуды қажет ететін дүние.

Бала тәрбиесі: Атқа мінудің пайдасы

Баланың денесін шынықтыратын жаттығудың бір түрі – атқа міну. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) атқа мініп шабуды балаға үйретуді, оны күнделікті жаттығу ретінде қолдануды айтқан. Ат және түйе жарыстарын өткізіп тұруға шақырған (Нәсәи, Хайл, 6/214-229).

Әйелдер қай кезде құлшылықтан босатылады?

Аса рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын. Алла Тағалаға сансыз мадақ, шексіз шүкіршілік болсын. Алла Тағаланың сүйікті Елшісі, адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын.

Ер кісінің міндеттері: Жұбайын орнымен қызғану

Отағасының отбасы құлшылығына жауаптылығының деңгейі олардың Исламды танып, білуін қадағалаумен ғана шектелмейді. Үй ішіндегі жандардың қай-қайсысының да харам жасауына көз жұмып қарамай, мұндай іске қарсы тұрып, жирендіру де басты міндеті. «Қызды қырық үйден тыю» дегендей, қыз балалары мен əйелінің келте киініп, кез-келген ер кісімен емін-еркін араласа беруіне жол бермей, отбасын сұқ көздерден қызғыш құстай қорғау ер азаматтың намысты ісі.