27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әйелдің ізеттілігі қоғамды Жәннатқа айналдырады

Әйелдің ізеттілігі қоғамды Жәннатқа айналдырады

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әйелдің ізеттілігі мен нәзік қылығы қоғамды жәннатқа айналдырады. Сол жәннатта өсіп, жетілген ұрпақтар қоғамның тыныштығы мен бақытының кепілі болады. Сондықтан да салиқалы жанұядағы әйел қоғамның хрусталь шамы іспеттес.

Хақ Тағала әйелге сезімталдықты еркектен гөрі молырақ берген. Сол сезімталдықтың молдығы әйелге Алла Тағаланың артқан асыл борышының қажеттілігі. Ол борыш ұрпақтың жалғасуы, тәрбиеленуі. Осы иләһи тәртіп бұзылатын болса, әйелдің жаратылысы мен табиғатына қиянат жасалған болады.

Бүгінгі заманда әйелдер мен ерлер арасында ойдан шығарылған теңдік жолындағы жарыс басталып келе жатыр. Жаратылыс ерекшеліктеріне теріс келетін бұл жарыстың кесірінен жұбайлық және аналық борыштар аяқ асты болып, жанұяның құзыры мен ынтымағы жоғалып, қоғам өмірі шайқалып, тұлғалар адамгершілігін жоғалтып бара жатқандай. Әйел мен еркектің физикалық жаратылысы мен рухани жаратылысы тең емес қой, қалайша қызмет пен құқықтары тең болсын. Басты нәрсе – барлық саладағы теңдік емес, ақылар мен міндеттер арасындағы тепе-теңдік.

Хақ Тағала еркектер мен әйелдер арасында бірін бірі толықтырып отыратын, керемет міндет бөлісін жасай отырып, әрқайсысына бөлек-бөлек қабілеттер берген. Әйел мен еркек тек дене және рухымен біріккен кезде ғана олардың жаратылысына қойылған мақсат орындалады. Жанұя және соның нәтижесінде қоғам да бақытқа кенелелді. Әйел Алланың өзіне ғана дарытқан көркем қасиеттерін қорғауы және әрі қарай дамытуы оның жетілгендігінің белгісі. Әйел өз бойындағы қасиеттерді Алланың орнатқан жүйелі тәртібіне керағар түрде бағыттап, өз ақиқаты мен ерекшеліктерін жоғалтатын болса, өз құнын да жоғалтқан болады. Өз нәзіктігін, тәттілігін, биязылығын жоғалтқан болады. Сөйтіп, қоғамның өмірі шөлге айналады. Әйелдің өз жаратылысына сай өмір сүруі қоғамды жәннатқа айналдырады. Әйел өз отбасындағы қоғамның хрусталь шамы іспеттес. Тарих беттерін ашатын болсақ, қоғам әйел арқылы көтеріліп, сондай-ақ әйелдердің қолынан күйрегендігін көреміз. Егер әйелдер бақытты көшеден іздеуге сендірілетін болса, олардың өмір жолдары әйнек сынықтарына толмақ.

Әйел бақыты өз қасиеттерін қорғай отырып өмір сүруінде және отбасында жасырылған. «Жәннат аналардың аяғының астында» (Сүюти, Жәмиүс-сағир, І, 125) хадисі нағыз аналар үшін Пайғамбарымыздың қандай ұлы сүйіншісі. Салихалы ана иләһи құдіреттің кеңейтілген рахым құшағы, жанұяда бақыт қайнары, зауық пен шаттықтың сәулесі, отбасы мүшелерінің мейірім одағы. Раббымыздың «әр Рахман» және «әр-Рахим» есімдерінің осы дүниеде ерекше көрініс табуы. Біздерді ең әуелі бір мерзім өз құрсағында, сосын құшағында, содан кейін өле өлгенше жүректерінде сақтап көтеріп жүрген аналарымызға көрсетілуі қажет құрмет пен тағзымға тең лайық келетін басқа тіршілік иесі жаратылмаған. Үй тәртібі мен бала тәрбиесін мойнына артып алған ана, шын мәнінде, үлкен сүйіспеншілікке, үлкен құрмет пен өмір бойы алғыс айтуға лайықты.

Ана рухында біріккен терең шапқаттың шекараларын белгілей алатын өлшем бар ма екен? Өзі жемей жегізген, өзі кимей кигізген, түн ұйқысын төрт бөліп, ұйықтамай тербеткен ана... Өмірдің бұрқасындарында бізге шаң тозаңы қонбасын деп, бүкіл болмысын атаған аналар мен әкелердің ақысын өтей алуымыз мүмкін бе екен?

материал «Дүниедегі Жәннат – Тұғырлы отбасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: