27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Ер мен әйелдің жауапкершілігін оятатын мотивация

Ер мен әйелдің жауапкершілігін оятатын мотивация

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасылық өмірде әйелге ең үлкен ынта беретін нәрсе – өзін ерінің жақсы көретінін сезіну. Ер адамның ынтасын көрсетілген құрмет пен өзін қажет адам ретінде сезіну арттырады. Осы айтылған нәрсе екі жақта да жауапкершілік сезімін оятады.

Отбасылық өмірде кездесетін қиын белестерді оңай бағындыруға күш береді және екі жақты да қарым-қатынас тұрғысынан тез дамытады. Әйел қарым-қатынас тұрғысынан ілгерілеген сайын сезімге қарағанда ақылға көбірек жүгінуді үйренеді. Әсіресе ерінің алдында өзін үнемі көңілді ұстауға тырысады. Өйткені әйел табиғатында ерінің көңілін өзіне аудару мақсатында мұңайған кейіп танытып, шағымданатын әдет бар. Бұл қайталана берсе, ер кісіге ауыр келеді. Себебі ер адам жұмыстан шаршап келгенде, әйелінің күлімдеп қарсы алғанын қалайды. Сол арқылы шаршағаны басылады.
Бір-бірінің көңілін таба білу бақытының дәмін татқан ерлі-зайыптылар қиындыққа төзімді келеді.

Есте сақтаңыз:
– Оттың лаулап жануы үшін үнемі отын салып тұру қажет, әйтпесе оттың жалыны азайып, соңында бықсып өшеді де қалады. Ерлі-зайыптылар да бір-біріне көңіл бөлуді басты назарда ұстамаса, жалыны азайған от секілді арадағы махаббат та бірте-бірте өше бастайды.

Неге ренжіте береді?
Адам мінезі түрлі болып келеді. Біреулер тез ренжігіш болса, енді біреулері басқаны ренжітіп қоя береді. Басқаны ренжітіп қоя беретін адамдар ішінде өз ісінің парқына бара бермейтіндер де бар. Ондай адам алдындағы кісіні ренжітіп қойғанын өзі де байқамайды. Көп отбасылық проблеманың туындауына негізгі себептің бірі осы. «Өзара жарасып кете алмадық» дейтіндер өздері білмесе де негізінен осы мәселені меңзейді.

Есте сақтаңыз:
–  Күйеуіңіз немесе жақыныңыз осындай адамдардан болса, ең әуелі өзіңізді іштей дайындап алыңыз. Мысалы, «Ол мені ренжітіп жатқанын байқамайды, біліп тұрған жоқ» – деп. Сонда сіз қарсы тараптан болған соққыны жеңіл қабылдайсыз. Бір мәселе шешілді!
–  Екінші, түсінуге тырысыңыз!

Орынсыз сұрақтар
Кейбір адамның қызығушылығы мен сұрақ сұрауы жақсы дамыған. Кез келген оқиғаны бүге-шүгесіне дейін білігісі келіп тұрады. Өз дегеніне жету үшін алдындағы адамға сұрақтың түр-түрін жаудырады. Тіпті біреулер адамның көңіл-күйіне де қарап жат- пайды, сұрақты қоя береді. Мақсаты – бәрін біліп алу. Отбасында да мұндай жағдай жиі орын алады. Әйелі ерінен; «Жұмыста не жаңалық, не жедіңіз, кіммен не сөйлестіңіз, не істедіңіз, қайда бардыңыз?» деген сұрақтарды қайта-қайта сұраумен қатар күйеуі жауап бергісі келмесе, «Неге айтпайсыз, жауап берсеңізші» деп табандап тұрып алады. Бір қарағанда маңызы жоқ болып көрінгенмен, отбасындағы кейбір проблеманың туындауына себеп болып жатыр.

Есте сақтаңыз:
–  Біліңіз, сұраудың өзіндік әдебі мен уақыты бар. Мы- салы, күйеуіңіздің көңіл-күйі болмай тұрса, сұрақ сұрау орынсыз, басқа уақыт таңдаңыз. Әдептен озбаңыз, яғни өзіңізге қажеті жоқ немесе күйеуіңізге ұнамайтын һәм мазасын алатын сұрақты қоймаңыз.
–  «Адамнан сұрай берсеңіз, ренжиді, Алладан сұрамасаңыз, ренжиді!» Яғни, сұрақ болсын немесе материалдық нәрсе болсын адамнан сұрай берсеңіз, ренжиді. Ал алақан жайып Алладан қанша сұрасаңыз да дұғаңызды бос қайтармайды. Халқымыз: «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады» – деп қалай тамаша айтқан.

материал «Ең бақытты әйел» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: