24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кейбір діни түсініктерді қабылдау үлкендердің өзіне де ауыр соғатыны белгілі. Ендеше, әлі санасы қалыптаспаған балаға бұндай мәселелерді түсіндіру үшін ата-аналарға мына мәліметтермен таныс болу керек-ақ.

Дененің түк, тырнақ өсетін тұстарын, кір жиналатын және адамның көзі алғаш түсетін көз, мұрын, құлақ, тіс тазалығын сақтау әдеміліктің басы болып табылады.

Кез келген әйелге бірден күйеуінің дегеніне үндемей көну, қарсы сөз айтпай, оның бұйрығын бұлжытпай орындау өте қиын. Сондықтан таңның атысынан күннің батысына дейін өзіңізді бақылаңыз. Күйеуіңізге күніне неше рет қарсы шықтыңыз? Қарсы шықпасаңыз да, өзіңіздікін жасайсыз, солай ма? Сұрап аласыз да, жауабы ұнамаған соң бәрін кері жасап шығасыз.

Ұйықтар алдында балаға ертегі оқу әдеті тек қана бала үшін ғана емес, сондай-ақ ата-ана үшін де пайдалы дағды.

Ғалымдардың пайымдауынша, түн ұйқысының алдында 15 минуттық ертегі оқу баланы тілалғыш, батыл, ашық етеді, әрі қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға зейінін арттырады. Әсіресе, оқылып болған ертегіні баламен талқылау кейіннен баланың өз бетінше қызығушылық танытып, сөздік қорының молаюына, қиялдау қабілетінің дамуына себепші болады.

Екі жастың некесі мешітте қиылған соң, бұл рәсімге қатысушылар ерлі-зайыптыларға Алланың елшісі () үйретіп кеткен шырайлы дұғамен тілектерін білдіреді.

Болашақ ерлі-зайыптылар мен құдалар арасында өзара танысу мен мәмілеге келу секілді ғұрыптарынан бастау алып, екі жас арасында махаббат сезімінің оянуына түрткі болатын сөз салу рәсімі исламда сүннет амалдарына жатады. Алайда сөз салу рәсімінде жігіт пен қыз некелесеміз деп мәмілеге келіп жатса, сосын белгілі жағдайларға немесе себептерге байланысты екі жақтың бір-біріне деген көңілдері өзгеретін болса, онда бұл уәденің мін-детті түрде атқарылуына шарт қойылмайды.

Ислам дінінің отбасы бақыты үшін белгілеген жолдары

«Кім сендерден бір әйелге (бойжеткенге) сөз салған болса, деді Алланың елшісі (), - бұл әйелге үйленуіне қызықтырып тұрған жерлеріне көз салуға шамасы жетсе, қарап алсын»[1].

Жанашырларыңмен ақылдасу және истихара[1] намазын оқу

Алланың елшісі () былай деді: «Кім истихара дұғасымен Алла Тағалаға жалбарынса еш түңілмейді, кім кесетін болса еш өкінбейді және кім малын үнемдесе кедейлік өмір кешпейді»[2].

Ислам дінінің отбасы бақыты үшін белгілеген жолдары

Алла Тағала айтады: «Иман келтірген соң, имандарын зұлымдыққа[1] араластырмағандар, міне соларға аманшылық болады және олар  тура жолдағылар» («Әнғам» сүресі: 82). Адамның бақыты жаны мен тәнінің тыныштықта болуымен жүзеге асады. Адам баласы өзін жоқтан бар етіп, ризығына бөлеген Раббысын танып білмейінше, дүниеге келудегі мақсатын түсінбейінше, өмірін толығымен шариғатқа сай жүйелемейінше, және дүниенің ақиретпен салыстырғандағы құнсыздығына көзі жетпейінше, сөйтіп Раббысының разылығы мен жәннатын ғана армандамайынша жаны тыным табады деп айту қиынға соғады.