«Әйелі азған елдің ертеңі жоқ» дейді қалт айтпайтын халық даналығы. Олай болса, үйдің қазығы мен иманның жартысына баланған жақсы жар қандай болуы керек? Отбасылық құндылықтарға баса назар аударатын асыл дініміз шаңырақтың ұйытқысы әйел затына қандай жауапкершіліктер жүктейді?
Жақсы әке болудың қарапайым құпиясы
«Дүние-мүлік пен бала-шаға – тіршіліктің сәні...[1]», - делінеді Құран Кәрімде. Расында, ұрпақ сүю – Алланың берген нығметі. Ал, нығметті шүкіршілікпен қарсы алу – мұсылманның міндеті.
Отағасының жұбайы алдындағы міндеттері
Қазақ халқының «Отбасы – шағын мемлекет» деген ғибратқа толы қанатты сөздерінде терең мән-мағына жатыр. Әрбір жанұя өзінше бір Отан. Оның басшысы, отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер адам. Адамзаттың абзалы ардақты Елші (с.ғ.с.) хадисінде: «Ер кiсi отбасының бақташысы. Сондықтан да ол – қол астындағыларға жауапты,» — деген.[1]
Шаңырақ көтерер жастар нені білуі тиіс
«Отан - отбасынан басталады» демекші, жанұя – қоғамның ең маңызды құрылымы. Сондықтан да Ислам діні отбасына көп көңіл бөледі. Исламда неке – екі жанның қасиетті ошағы, сенімділіктің бастауы. Жанұяда ең әуелі сенім мен сыйластық, сезім мен сүйіспеншілік болса, жұбайлар өмірінің шырайы артып, кездеспей қоймайтын тіршіліктің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, қандай жағдайда болсын, босағасы берік болмақ.
Алла Елшісінің қызы Фатимаға айтқан өсиеті
«Сен күйеуіңе жер бол, ол да саған көк болсын»
Жаңа өмір бастаған жас отбасы. Алла елшісінің қызы мұсылман үмбетінің ең ғалымы, ең көп құлшылық ететіні, ең батыры аталған сегіз қырлы, бір сырлы жігітке тұрмысқа шықты.
Ең салиқалы әйел
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла кімге жақсылық қаласа, оған сынақтар (қиындықтар) жібереді» (Бұхари) деп сүйіншіледі. Егер әйел басына келетін мына сынақтарды қонағыңыздай күліп қарсы алсаңыз, демек, сіз ең салиқалы әйелсіз.
Күйеуінің көңілін тапқысы келген әйел мынаны міндетті түрде жасасын!
Бұл дүниенің өткінші әрі сынақ екенін жүрегіне бекіткен салиқалы әйел күйеуінің көңілінен шығу үшін мына міндеттерді міндетті түрде жасайды.
Отбасыңды сақтап қалғың келсе, телефоныңа талақ бер!
Иә, телефон көп нәрсеге кедергі келтіруі мүмкін. Әйеліңізге, отбасыңызға бөлетін уақыттарыңыз телефондағы өзіңіз мүлде танымайтын бөтен адамдармен араласуға кетіп жатса, бұл – өкініш. Бүгінде отбасындағы келіспеушіліктің отыз пайызы ұялы телефонның кесірінен болып жатады. Оның себебі неде?
Күйеуіңізге мына салиқалы бес сөзді күн сайын айтып тұрыңыз
«Ерлер ғана жан жарына жылы сөз айтып, еркелетіп отыруы керек» деген тұжырымды ысырып тастап, өз күйеуіңізге қуаныш сыйлап көріңіз. Өйткені ер азамат та өз жарынан үлкен қолдау күтеді. Ендеше мына салиқалы бес сөзді күйеуіңізге күн сайын айтып тұруды әдетке айналдырыңыз.
Еркектер қызғаныштан жылап жіберетін керемет хадис
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдер қауымын сондай керемет хадиспен сүйіншіледі. Бұл хадис екі дүниеде де әйелдердің абыройын асқақтатып, дәрежесін көтереді.
Балаға тек әкесі бере алатын алты тәрбие
Баланың толыққанды өсіп-жетілуінде, дамуы мен қалыптасыуында әкенің рөлі аса маңызды. Сондықтан психологтар мына 6 нәрсені балаға тек әкелері ғана бере алатынан айтады: