Алла Тағала жердің асты мен үстінде сансыз нығметтерді жаратып, адам баласының игілігіне тарту еткен. Адамзат Хақ Тағала тарту еткен нығметтерді игілігіне жарату барысында бұлардың мүбаһ[1] болуына мән беруі қажет. Алла тыйым салмаған нығмет халал болып табылады.
Қыздарға қатысты 15 хадис
«Егер бір еркектің қызы туылса, ол оны ренжітпей, зарар бермей, ұлына ғана ұрысып, тәрбиелейтін болса, Алла тағала қызы үшін оны жәннатқа кіргізеді». (Ибн Аббастан Ахмад риуаят еткен).
Үмметтің ең жақсысы кім?
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар»[1], - дейді.
Тілдескім келеді...
Баламызбен тіл табысу кейде қиынның қиынына айналып жатады. Кейде неліктен ашық, айқын айтқан нәрсені түсінбейді деп ашуланатынымыз да болады. Бар мәселе баланың ойлау жүйесінде екенін ескере бермейміз.
Ата-ана жіберетін үлкен қателік
Бала тәрбиесі дегеніміз – дүние есігін енді ашқан кішкентайдың тұлғалық «Менін» бұзып алмай, үлкен өмірге дайындау. Көптеген ата-ана дұрыс деп табылған кей іс-әрекеттерді баланың бойына сіңіреміз деген оймен оның «Менін» қысымға алады. Ал өзіне қысым жасалып жатқанын байқаған әрбір бала қорғануға тырысады.
Бұл да – құлшылық
Мұсылманша неке қиып, Ислам талаптарына сай өмір сүрудің үй ішіндегі берекенің қайнар көзі екені айтылып та, жазылып та жүр. Біз бүгін некенің жай әрекет емес, құлшылық екендігіне тоқалмақпыз.
Батыс феминизмі мойындамаған ақиқат
Жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес, әрқайсысы өзіне тән қасиеттермен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай Тағала еркек – әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жаратар еді.
Қазақ қоғамы ескеруі тиіс мәселе
Бүгінгі таңдағы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы әрқилы жағымсыз пікірлер айтылып жүр. Бұл бір жай ғана отбасы, ошақ қасының мəселесі іспетті көрінгенімен, өз кезегінде біздің ұлттық болмысымыздың бояуын солғындата түсетін дүние екені бесенеден белгілі.
Баламызды ораза ұстауға қалай үйретеміз?
Рамазан айы – кішкентай бүлдіршіндеріміз бен есін біліп қалған балаларымызға құлшылық пен адамгершілік құндылықтарын түсіндіріп, үйретуге үлкен мүмкіндік.
Көркем мінез – имандылық белгісі
Адамнан – қауым, қауымнан – қоғам құралатыны белгілі. Ал қоғамның қатынастарын реттеп, жүйелеп отыруда көп адамда кездесе бермейтін көркем мінез үлкен рөл атқарады. Жалпы адамзат баласының басын біріктіретін ортақ құндылықтардың бірегейі – жақсы мінез-құлық.
Отбасы құпиясын сақтай білеміз бе?
Отбасы – кішкентай мемлекет. Оның ешкімге жария етпейтін өзіндік ішкі ұстаным-ережелері болады. Неке – бұл екі тағдырдың бір арнада тоғысуы. Ол аса нəзік, сырт көзден тасада өте аялап, абайлап сақталуы қажет қарым-қатынастың басталуы. Көпшілікке ұсынылатын қызықты шоу емес.