25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ерлі-зайыптылар талақ етуді арнайы ниеттеніп емес, жай ғана «мен талақ еттім» деген сөздерді бір-біріне әзілдеп айтуы мүмкін. Егер отбасылы ер мен әйел бір-біріне ойнап болса да, осы сөздерді айтатын болса, Әбу Ханифа мен Имам Шафиғи мазхабы бойынша, талақ іске асып, екеуі сол сәтте-ақ ажырасып кетеді.

Ер жігіттің әйелімен қарым-қатынасты жақсартуға жасаған әрбір амалы құлшылық болып жазылады. Бұл тұрғыда баршамызға Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұбайларына жасаған игі іс-әрекеттері үлгі. Отбасын асырап, керек-жарағын қамтамасыз етумен бірге ер адам жарының алдында мына нәрселерді жасауы тиіс:

«Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» дейді қазақ халқы. Мінсіз отбасы жоқ. Тіпті, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шаңырағында да қызғаныш, реніш, түсініспеушіліктер болған. Бірақ ешқашан ұрыс-керіске ұласпады. Өйткені Расулалланың үйінде әрдайым сабырлық, тақуалық, кешірім үстемдік құрды. Осының дәлелі ретінде Алла елшісі мен Айша анамыздың ерлі-зайыптылық өмірінен бірқатар сыр шертпекпіз.  

Әйел баласын Алла Тағала өте нәзік әрі әлсіз етіп жаратты. Оған табиғи рең беріп, көркемдеді. Толағай-тағдырдың салмағын нәп-нәзік жүрегімен көтере білсін деп оның әлсіз иығынан бастап, тұла бойын төзімді етіп жаратты. Және дүниеге адам әкелуді, әр ауыртпалықты жеңсін деп Алла Тағала оған мықты қажыр берді. Десек те, қанша дегенімізбен, әйел адамы бәрібір әлсіз, қорғансыз. Ал, барлық әйелді қорғап жүретін мынадай ең мықты тірегі бар.

Әзілхан Нұршайықов қазақ қыздарына қандай кеңес қалдырған? Жазушы өз шығармасы арқылы оқырманымен тілдесіп, көкейіндегі жауһар ойларымен бөліседі. Жазушының «Махаббат қызық мол жылдар» кітабын оқымаған адам кемде-кем шығар. Онда жазушы Ербол мен Меңтайдың махаббат хикаясын ғана баяндап қоймай, оқырманына тәлім-тәрбиеге толы кеңестер беріп отырған. Солардың бірі – Меңтайдың анасының айтқандары.

Отбасының ең нәзік тұсы – ене мен келіннің қарым-қатынасы.  Бізді күндіз-түні аңдитын шайтан көп жағдайда осы есікті пайдаланып кетіп жатады. Сіз келінсіз, кішіпейілдік танытып, мына алты амалды жасасаңыз, енеңіз сізді өз қызындай көреді.

Ұрпақ беру, бала сүйдіру – бір Алла Тағаланың ғана бұйрығымен болатын нығмет. Алладан өзге ешкім бала беріп, бақыт сыйлай алмайды. Артынан қайырлы, өнегелі ұрпақ қалдырып кетуді армандаған адам Алла Тағаланың құдіретінің шексіз екендігін әсте естен шығармауы тиіс. Егер әйел ұзақ уақыт бала сүйе алмай жүрсе, ерлі-зайыптылардың екеуі де күніне мына дұғаларды оқуына кеңес береміз.

Ерлі-зайыптылар бірін-бірі жақсы көретінін біледі. Алайда «сүйемін» деп қайталаудан шаршамаса игі. Жақсы сөз құлақты ғана емес, жанды да қуантады. Әсіресе жарының мақтау, қолдау сөздеріне әйелдер зәру.

Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде  басынан сипамаған. Арқасынан қаққан. «Басынан сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Ата-ана, ел-жұртына қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Неге болса да тайсалмай қарайтын қайратты, батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты.

Дұға – ер мен әйелдің ең үлкен қаруы. Жақсы әйелге немесе еркекке ең бірінші жәрдем – Алладан. Күйеуінің көңілін аулағысы келген әйел, әйелінің жүрегін жаулағысы келген еркек Алламен қарым-қатынасын түзеп, алақанын жайса отбасында береке орнайды. Жүрекке Алланың ғана әмірі жүреді. Қос жүрекке махаббат пен мейірімді салатын – Алла! Ерлі-зайыптылар барлық амалдарын Алла разылығы үшін жасауы тиіс. Амалдарын, ұмтылысын Алла разылығы үшін жасаған адамда ұтылыс жоқ.

Болашақ жар, аяулы ана атанатын қыз-келіншектер Жәннатта жеңіл жетудің жолы – ерінің разылығын алуда екенін білуі керек. Әбу Һурайраның (Алла оған разы болсын) сөзінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер әйел бес уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза ұстаса, ар-намысын қорғайтын болса және күйеуін тыңдайтын болса, оған: «Жәннатқа қалаған қақпаң арқылы кір», – деп айтылады». (Ибн Хиббан 1296.«Сахих әл-жәми’» 660). Бұл хадисте Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдің күйеуіне бағынуын намаз және ораза секілді маңызды құлшылықтармен бір қатарға қойды. Және осыған сәйкес, егер әйел күйеуіне бағынбайтын болса, демек, ол бұл үлкен игіліктен мақрұм қалады. Ал салиқалы мұсылман әйелге Алланың разалығы мен сегіз қақпа арқылы Оның Жәннатына кіруден басқа тағы не керек?!