Тумысынан қонақжай халқымыз Ислам діні келгеннен кейін де бұл қасиетін мұсылмандық сипатымен үйлестіріп, ендігі жерде келген қонақты «құдайы қонақ» деп төрге оздырған. Осылайша қонағын құшақ жая құрақ ұшып сыйлап, асты-үстіне түсіп, қонақ күтуді Алланың әмірі деп бүкіл болмысымен ұғынды. Осы мәселеде де ұлағатты ұстаздары Алла Елшісінің хадистерін өмірлік дәстүр етіп ұстанған. Мысалы, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Отыз тістен шыққан сөз» немесе біз баламызға не айтып жүрміз?
Қазанда не болса, шөмішке сол ілінеді. Қазақтың «Ішімдегінің бәрі – тілімде, тілімдегінің бәрі – түрімде» дейтін сөзі дөп басып дәл айтылған теңеу десек қателеспейміз. О баста тек жақсылық пен мейірімділікті насихаттауға бұйырылған тіліміз кейде ашуға булыққанда зәрін төгіп-төгіп алатыны жасырын емес.
Кітап оқыған балада кілтипан болмайды
Мына зымыран уақыт біздің көз майымызды тауысып кітап оқытуға мүмкіндік бере бермейтіні рас. Десек те, «соңғы оқыған кітабыңыздың аты қандай?» деп қапелімде сауал қойсақ, кібіртіктеп қалатыныңыз кәдік. Дегенмен, дерекке жүгінейік.
«Ажырасам» деушілерге 7 кеңес
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мадақ әлемдердің Иесі Алла Тағалаға тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның әулеті мен сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Асыл дініміз Исламда отбасыға, оның ішінде ер мен әйелдің көркем қарым-қатынасына аса мән береді. Исламда ер мен әйелдің өзіне жараса құқықтары, құрметі мен хақылары бар. Алланың рұқсат еткен нәрсесіне амал етіп, тыйым салғанынан аулақ болған адам міндетті түрде бақытқа кенеледі. Өйткені, Жаратушы Иеміз өзінің жаратқан құлына ненің қажет екенін жақсы біледі.
Отбасы: жас жұбайларға 10 кеңес
Шыны керек, шаңырақ көтергенде барлық жан иесі бақытты ғұмыр кешуді мақсат етеді. Алайда, күйбең тірліктің көп мәселесі отбасы беріктігін тексеріп көргісі келетіндей, жер бетінде қиындық пен қатаң сындарға кезікпеген бір де бір отбасы жоқ десе болғандай. Барлық өмірдің сындарына отбасының негізгі екі қозғаушы күші – отанасы мен отағасы төтеп беруі тиіс.
Имам Ахмадтың шаңырақ шаттығын сақтаудағы 10 кеңесі
Хижраның 164 жылы өмірге келген Ахмад ибн Ханбал жетім өсті. Сәби кезінде-ақ әкесі көз жұмып, бақилық болған. Он бес жасынан білім жолына түсіп, тек қырық жасқа жетіп үйленген.
Абу Зурға Рази Имам Ахмад туралы естелігінде оның бір миллион хадисті жатқа білгенін айтады. Ол – үмметтің ең көркем ғалымдарының бірі, тура жолдың имамы, дінге тірек, сүннетке көмек болғанұлы тұлға. Білімі кеңінен жайылған теңіздей еді, оның ілім алқасында бес мыңнан аса адам ілім алатын болған, оның кейбірі ілімін параққа түсіріп жатса, енді бірілері ахлақ-тәрбиесіне сүйсініп көркем мінезін үлгі алуға тырысқан.
Әйел адам ер адамнан ақылды ма?!
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Дүниедегі өткінші нәрселердің ең қайырлысы – салиқалы әйел» (Муслим) және «Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың – әйелдеріңе жақсы болғандарың» деген хадистері әйелдің еркек өміріндегі қадірін толық түсіндіріп бере алады. Алла Тағала әйел қауымының бойына барлық ізгі қасиеттерді сыйдырғанымен, әйел адам еркектен ақылды ма? Осы сауалға жауап іздеп көрейік.
Баланы дұрыс тәрбиелеудің 9 тәсілі
Бала тәрбиесі–таудан сырғанаған шана секілді. Бағыттап отырсаң болды. Жас баланың жүрегі таза болған соң, жақсы тәрбие берсең, соған қарай ұйып түседі. Балаңыз жақсы болса, онда сіздің өмірлік мақсатыңыздың орындалғаны. Ол үшін бала тәрбиесіне қажетті мына тоғыз тәсіліне назар салыңыз:
Туыстық пен тыныштық
Жолынан қиыс кеткенді құрдымға ататындай кәрін алып, жаһандану дәуірі алаңдап тұр. «Заманыңа қарай бөркіңді ки» деген мәтелдің мәнісіне бой ұрған кейбір тамырластарымыздың тағдыры күйреп, таянарға шыбық, талмарға тал таппай жүргені де иненің жасуындай саңлауы бар жанарларға шалынып қалып жатыр. Осының бәрі неден болды деген сауалға сана жетелетіп, ой өргізіп көргендер жоқ деп кесіп айта алмаспыз. Алайда, жоқтың қасы екені де белгілі. Осындай алмағайып заманда тағдырын дін мен дәстүрден ажыратпаған арда жұрттың туыстық қарым-қатынасының салқындап бара жатқандығы да алаңдарлық мәселе.
Қызы тұрмысқа шығатын жасқа келген әкенің әке ретінде не істеуі керек?
Ер жеткен ұлы мен бой жеткен қызы бар отбасылар құда түсуі кезінде «салт-дәстүрдің» басымдығына кездеседі. Қазақ салтында құдалық жігіт жағынан болады. Алайда, қыз жағының тіпті тура әйелдің де еркекке үйлену ұсынысын білдіретін аяттар мен хадистер бар. Мысалы, Шұғайып (ғ.с.) Хазіреті Мұсаның алдалдығы мен парасаттылығын біліп, қыздарына үйленуді өзі ұсынған еді.
Халалдың тәрбиеге әсері
Ғалымдар халал жеудің адамның күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, тәрбиеге тікелей қатысы барын білдірген. Харам жеген адамның нашар қылықтарға үйірсек келетінін айтқан. Мәселен, имам Ғазали сәбиді хараммен қоректенетін әйел емізсе, болашақта баланың ұяты азайып, қиқар қылықтар мен нашар әдеттерге жақын болып өсетіндігін, сондықтан баланы харамнан алыс салиқалы, ізгі ниетті әйелге емізу керектігін ескерткен (Ихияу улумуддин, 3-т, 165-бет).