26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тұрмысқа шыққысы келетін қыз бұл қателікті жасамайды

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отау құрайын десе, орнын таппай жүрген қыздарымыз – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналып барады. Тұрмысқа шығуға ниет еткен кез-келген қыз теңі тезірек кездеспегені үшін тағдырға налып та жатады. Сыры неде? Себебі, кей әйелдердің тұрмыс құрардан алдынғы ой, ниет, сөз бен амалдардан жіберетін мынадай қателіктері бар:

► Кей жағдайларда әйелдер ризық берушінің Алла Тағала екенін естен шығарып, себептерге ғана сеніп қалады. Сөйтіп, бұл ‒ «мансап, дәулет, сұлулық және тектілік ‒ лайықты, жақсы жұбайдың келуіне себеп болады» деген ойға түсулеріне алып барады. Осылайша олар бұл аталғандардың тек қана себеп екенін әрі сынақ екенін ұмытады. Осы үшін де өмірде қаншама сұлу, текті, мансапты я бай әйелдерге жақсы құда түсушілер келмеуде. Өйткені, дәулетті де, абыройды да, сұлулықты да, тектілікті де беруші Алла. Аллаға ғана сенім артылмаған, тәуекел етілмеген істе береке де болмайды. Алла Тағала: «Егер иманды /мүмін/ болсаңдар, Аллаға жүгініп, Оған істеріңді тапсырыңдар /тәуекел етіңдер/!» ‒ деп бұйырған. Жаратушыдан гөрі жаратылған себептерге көбірек илану ‒ жақсы жардың нәсіп болуына кедергі жасайды. Сондықтан, сіз тек Аллаға ғана тәуекел етіңіз.

► Маңызды сәттерде барша жаратылысты жоқтан бар еткен Жаратушыға жалбарынып, дұға жасауды, тілек тілеуді ұмыт қалдыруымыз – көптеген бақытсыздықтың негізгі себебі. Әу бастан-ақ, тағдырымызды қосатын, жүректерге иелік ететін Жаратушымызбен байланыста болу – берекенің кілті. Қыздың ең атқарар ең маңызды амалы – истихара, яғни, қажет дұғасына жүгіну. Қасиетті болған маңдаймызды қара жерге, сәждеге қойып немесе екі алақанды жайып, «Я, Раббым! Мені жоқтан бар қылып жараттың. Менің екі дүниелік бақытым кім лайық болса, маған соны жақындатшы, қайсысы, маған қайырсыз болса, оны менен көркем түрде алыстатшы. Мен білмеймін, сен Білушісің, Көрушісің» деп Алладан сұрау қажет. Сол секундтан бастап бүкіл құдіреттің Иесі болған Алла сіздің ісіңізді басқарып, реттей бастайды. Тіптен, таңғаласыз. Бірнеше жылдан кейін жылдан кейін сол дұғам тағдырымды шешіпті-ау деп қуанасыз. Ендеше шынайы дұғаңызды Алла қабыл етеріне үміт етіңіз.

►Әйелдердің арасында көшеге, әсіресе ерлер көп жиналатын жерлерге шығулары олардың тез тұрмыс құруына дәнекер болады деп ойлаулары және сыртқа шыққанда неғұрлым сәнденіп шықса, соғұрлым оның әдемілігіне таңырқау туындап, кейін оның тұрмысқа шығуына себеп болады деген қате түсініктерді ұстанатындары аз емес. Бұл да үлкен қате пікір. Себебі бұл әрекеттер де Алла Тағалаға ұнамсыз істер мен имандылыққа қайшы келетін амалдар болып табылады. Өйткені, Алла Тағала әйелдерге надандық дәуірдегідей ашылмауды, сондай-ақ ер адам назарын аударатындай етіп жүрістерін өзгертпеуді бұйырған. Ал сіз имандылыққа қайшы келетін әдеттерден тыйылыңыз.

►Алла Тағала әйелдерге бөгде ерлермен қылымсып сөйлеспеуді бұйырған. Алланың бұйрығы орындалмай қалған жерде шайтанның үлесі міндетті түрде болады да соңы бәрібір жақсылыққа әкелмейді. Бұл да кейбір қыздардың тұрмыс құру мақсатында жігіттермен араласуындағы қателіктері. Екеудің үшіншісі қашанда шайтан болатыны анық. Осы бір қатерлі әрекеттің түп негізі дұрыс болмағандықтан, қаншама әйелдердің опық жегені өмірде көптеп кездесіп жатады. Өзінің жеке суреттерін құрбыларына немесе арнайы таныстыру агенттіктеріне тұрмысқа шығу мақсатымен беруі, әлеуметтік желілерге өз суреттерін жиі жариялауы ‒ үлкен қателік. Олар ерлерден әйелдікке: дініне, ар-намысына, ұятына берік жарды таңдайтынын біле тұра осылай істейді. Ал, иманды ерлердің көбі ешкімнің сұғы түспеген, ешкімнің қолы тимеген қыздарды бағалайтыны белгілі. Осылайша ол жақсы ерлерді арсыз қылығымен өзінен бездіруге себепші болады. Екеудің үшіншісі қашан да шайтан болатынын ұмытпаңыз.

►Қиялыңыздағы ханзаданы көп күтіп, уақыт оздырып алмаңыз. Және күйеуге шыға алмайтын кісіге сыртынан құр, бекер үміттеніп жүре бермеңіз. Бұған көптеген саяси, әлеуметтік және тағы басқа жағдайлар себеп болады. Ал, осы бір қате ниеті үшін, одан басқаның ұсынысын қабылдамай, тек қана соны ойлаумен өмірінің барлығын тұрмыс құрмай өткізіп алған қыздарымыз қаншама. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисімен сүйіншіледі: «Алла Тағала, атақ-абыройы үшін некеленгеннің төмендеуін арттырады. Малы (дүниесі) үшін үйленгеннің жоқшылығын арттырады. Тегі үшін некеленгеннің қор болуын арттырады (қорлыққа ұшыратады). Ал, егер біреу көзін бөгдеден қорғау үшін, өзін (зинадан) сақтау үшін, сондай-ақ, жекжат болу үшін (жақындықты нығайту үшін) некеленсе, Алла ол еркекті бұл әйел арқылы, әйелді бұл еркек арқылы бақтияр етеді (бақытты етеді)» деп сүйіншілеген еді (Әнастан (р.а.) Тирмизи).

Ендеше Алла Тағаладан қаракөз қыздарымызға діні берік, мінезі көркем күйеу сұраймыз.

ummet.kz

Бөлісу: