25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бойжеткеннің түбінде табан тірейтін аялдамасы – бір әулеттің келіні болу. Ардақты Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай әйел ең жақсы болып табылады?» деп сұралғанда: «Күйеуі оған қарағанда, ол оны қуантатын; ол оған әлдебір нәрсе бұйырса, оған мойынсұнатын; және оның өзінен немесе оның мүлкін жаратуында күйеуіне бір нәрсе ұнамаса, оған қарсы келмейтін әйел» деп жауап берген (Ахмад, Нәсаи).

Тұрмысқа шыққан әйелдердің көп ұзамай күйеулеріне шағымдануы жиі байқалады: ол өзгеріп кетті, бұрынғыдай емес, сүйіп қосылған кездегідей аялап жақсы көрмейді, көңіл бөлмейді, бұл не деген қатаңдық? Тағы сол сияқты кете береді. Әйел өткен қателіктерді еске түсіріп, күйеуін кіналайды. Мұндайда әйелдер алдымен өз іс-әрекеттерін ой-елегінен өткізген жөн. Сіз шынымен күйеуіңізді бақытты етіп, оның жүрегін жаулағыңыз келе ме? Арадағы махаббат өшпеу үшін не істедіңіз? Отбасылық өмірдің бақшасын жайқалту үшін бірқатар кеңес ұсынайық.

Баланың тұлғалық дамуы мен дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруда айтқан сөздеріміздің ерекше маңызы бар. Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, баламызға көңіл бөлмей қалатын сәттеріміздің болатыны жасырын емес. Ендеше мына тоғыз тәрбиелі сөзді балаңызға күн сайын айтып тұруды әдетке айналдырыңыз.

Отау құрайын десе, орнын таппай жүрген қыздарымыз – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналып барады. Тұрмысқа шығуға ниет еткен кез-келген қыз теңі тезірек кездеспегені үшін тағдырға налып та жатады. Сыры неде? Себебі, кей әйелдердің тұрмыс құрардан алдынғы ой, ниет, сөз бен амалдардан жіберетін мынадай қателіктері бар:

«Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» – дейді халқымыз. Барған үйдің берекесін кіргізіп, сол үйдің жақсы келіні деген атқа ие болу әрбір қыздың өз қолында. Қазіргі таңда көп отбасында ене мен келiн арасы жақсы болмай, соңы екі жастың  ажырасуымен аяқталып жатады. Осы орайда, қазақ келіндеріне енелерімен тату болып, шаңырағында береке орнауы үшін мына екі оңай әдісімізді ұсынамыз.

Асыл дінімізде балаға әдемі ат қою, мүбәрак есім беру – ата-ананың міндеттерінен болып саналады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиямет күні өз аттарыңызбен және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар» деп өсиет қалдырған. 

Әйел адамдардың міндеттері болатыны секілді, ер адамдардың да отбасында атқарар өз жұмыстары бар. Мұсылман ердің алдында некелескен әйелін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде, некелескенде мәһрын төлеу, баспанамен қамтамасыз ету және тамақтандыру мен киіндіру секілді негізгі үш міндеті бар.

Жақсылық пен жамандық адамның екі қанаты. Жақсылық жасаушылар әлбетте, тек жақсы сыйлармен ғана сүйіншіленеді. Ізгі амалдар жасаушы салиқалы әйелдер қауымының Жәннаттағы жағдайы қандай болады? Оларға берілетін ең таңдаулы төрт сый қандай? Ол туралы қасиетті Құранда бірнеше сүрелер бар.  

Бұған дейін «отбасылық өмір, ерлі-зайыптылар» турасында телеарнада айтқан пікірлеріме, әлеуметтік желіде жазған мақала, ой-түйіндеріме қарсы шығып: «Өзің байға тиіп ал, сосын ақыл айтарсың...»  деп атылған келіншектер көп болған. Әрине, сөз бен істің алшақ кетпегені жақсы ғой. Әйткенмен, пендеміз... Соның ішінде – әйелміз! Мұхтар Шаханов ағамыз: «Шын мәніндегі әйел дәрежесіне көтерілу – айтуға ғана оңай, әйтпесе, азапты шаруа...» деп жазбап па еді? «Әйел әртүрлі. Күйеуінің табысын құрап отыратын да, құртып отыратын да әйелдер болады. Күйеулерін әлпештеп отыратын да, төмпештеп отыратын да әйелдер аз емес. Күйеуін қолдап, көркейтіп отыратын да, сыбап, сүмірейтіп отыратын да әйелдер бар...» Әзілхан Нұршайықов ағамыздың күнделігіндегі осы бір жазбасы кез-келген әйел затын ойландырары хақ. Осыдан кейін «Мен қандай әйелмін?», «Азаматымның сұрықсыз күндеріне сән бере алып жүрмін бе?»  деген сұрақтарға еріксіз беріледі екенсің. Жақсы әйел, меніңше, ол – байынан таяқ жемейтін әйел. Ал байыңнан таяқ жемеу үшін қарапайым төрт қағиданы ұстанғаның жөн:

Күйеу әйел мінезді болмаса, әйелі еркекшора болмайды.

Түсінігі саяз күйеу болмаса, әйелінің жүйкесі тозбайды.

Әйеліне көңіл бөлмейтін күйеу болмаса, оған немқұрай қарайтын әйел болмайды.

Әке-шеше үшін бала деген өте маңызды әрі қадірлі. Жүктілік дәуірі кезінде 9 ай бойы әке-шеше баласын құшағына алатын күнін сабырсыздана күтеді. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан кезде әке-шешенің  жүрегі қуаныштан жарыла жаздайды. Енді, міне, сағына күткен балаларын құшақтап, оны сүю мүмкіндігіне ие болды.