25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Отбасыңды сақтап қалғың келсе, телефоныңа талақ бер!

Исламдағы отбасы
Жарнама

Иә, телефон көп нәрсеге кедергі келтіруі мүмкін. Әйеліңізге, отбасыңызға бөлетін уақыттарыңыз телефондағы өзіңіз мүлде танымайтын бөтен адамдармен араласуға кетіп жатса, бұл – өкініш. Бүгінде отбасындағы келіспеушіліктің отыз пайызы ұялы телефонның кесірінен болып жатады. Оның себебі неде?

►Біріншіден, сырттан үйге кірген бойда ұялы телефонмен сөйлесуді тоқтата тұрыңыз. Әсіресе, ас үйде отырғанда. Өйткені, дастархан басында сүйікті жарыңызбен тек қана отбасылық мәселелер талқылануы қажет.

►Жұмыстан үйге келген соң әлеуметтік желілерге назар салудан бас тартыңыз. Отбасыңызда одан да маңызды нәрсе бар екенін ұмытпаңыз. Телефонға тек белгілі жағдайда ғана тұтынуға болатын байланыс құралы деп қана баға беріңіз. Жарыңызға, балаларыңызға көңіл аударыңыз, олармен емен-жарқын әңгімелесіңіз. Бұл арадағы сыйластық пен сүйіспеншілікті арттырады.

►Ерлі-зайыптылардың арасында ешқандай құпия болмауы тиіс. Себебі, әйел заты өте қызғаншақ келеді. Қызғаныш болған жерде түсініспеушілік туындайды. Сондықтан, бір-біріңіздің ұялы телефондарыңыздағы қоңырауларды арасында тексеріп тұру – заңдылық. Бұл арадағы сенімнің орнығуына әсерін тигізеді.

►Жарыңыздың ұялы телефонын оның рұқсатынсыз қолыңызға ұстай көрмеңіз. Бұл отбасыңыздың тыныштығы үшін. Ал кешкі сағат 11-ден кейін ұялы телефонды мүлде қолыңызға алмаңыз. Жұмыс бабымен болса да, беймезгіл уақытта сөйлесу жұбайлар арасындағы қызғанышты үдете түседі.

►Рас, қазіргі таңда ұялы телефонсыз бір минут та жүре алмайсыз, онсыз ешқандай жұмысымыз шешімін таппайтындай көрінеді. Бірақ, ұялы телефонға өз отбасыңызды айырбастап алатындай жағдайға жеткізбеңіз. Отбасыңыздың берекелі һәм бақытты болғанын қаласаңыз, қалта телефоныңызға қазірден бастап талақ беріңіз.

ummet.kz

Бөлісу: