Баланың толыққанды өсіп-жетілуінде, дамуы мен қалыптасыуында әкенің рөлі аса маңызды. Сондықтан психологтар мына 6 нәрсені балаға тек әкелері ғана бере алатынан айтады:
♥Әкелер анасы секілді баламен балаша «шүлдірлеп» сөйлескенді ұнатпайды. Әкесінен кәдімгі «үлкендердің» сөзін естіп өскен баланың сөйлеу әдебі жақсырақ дамиды.
♥Әке аналар сияқты көп еркелетіп, сүюден гөрі баламен (аспанға лақтыру, күрес, жұдырықтасу т.б секілді) ойындар ойнағанды ұнатады. Бұл ойындар баланың есту, көру, сезіну түйсіктерін жақсы дамытады.
♥Әке психологиясы «мен жігітпін», «менің қолымнан келеді» дегенді үйретуге дағдыланған.
♥Әке балаға еркіндікті, тәуелсіздікті үйретеді. Ол үшін баламен жиі қарым-қатынас жасаса жеткілікті.
♥Отбасында әкесінің басты адам екенін көріп өскен бала болашақ отбасында да басты адам бола біледі, қоғамға, әлеуметтік ортаға дағдылануы оңай болады.
♥Отбасында ұлды да, қызды да тәрбиелейтін басты адам – әке. «Ұлды – әке, қызды – тек анасы тәрбиелеуі қажет» деген пікір қате болмақ. Қыз бала кішкене күнінен әкесіне қарап өседі. Болашақ жарының да әкесіндей болғанын қалайды. Яғни, әке қызына қандай қарым-қатынас жасаса, қыз да болшақ жарына сондай қарым-қатынас жасайды деген сөз.
ummet.kz