26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйелдердің Рамазан айына дайындығы

Шағбан айы аяқталып, сағындырған қасиетті Рамазан айының келуіне де санаулы күндер қалды. Жылына бір рет келетін үлкен мүмкіндік айын құр жіберіп алмай, сауапты өткізудің қамын бірге қарастырып көрейік.

Туыстарды зиярат жасау: оған пайда ма, өзімізге ме?

Туыстық байланысты мықты тұту олардың хал-ахуалын сұрау арқылы, оларды жалғыз емес екенін сездіретіндей деңгейде зиярат жасау арқылы жүзеге асады.

Толыққанды отбасы қалай сақталады?

Екі жол айрығы, екі бөлек өмір үйлену арқылы тоғысады. Осы бас қосуда көптеген дұғалар жасалып, ақ тілектер айтылады.

Әйел көркем мінезді болса, қаттыны жұмсақ етеді

Адам баласын өзі секілді қос аяқты, жұмыр басты өзге пенделерден ерекшелеп тұратын бір қасиет – оның мінезі. Жақсы мінез – жан көркі. Адамды кең пейіл, көпшіл ететін де, я болмаса қытымыр, кекшіл ететін де – бойға біткен мінез.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өзі құрмет көрсеткен әйел

Хадиша анамыз – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ақылды, әділ, сенімді, аманатқа берік турашыл мінезіне қарап, оған өзін жар болуға ұсынған ақылды әйел.

Жар таңдауда ескерілмей қалатын дүние

Жастық шақтағы ең терең әрі салиқалы ойлардың төресі –  «жарымды қалай таңдаймын?», «жар таңдағанда неге мән беру керек?» деген сауалдар төңірегінде. Әйтеуір, біріміз Төлегеннің Жібегіндей, Абайдың Әйкеріміндей аруды аңсап жүрміз, ал екінші тарап қиялына Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пен оның сахабалары секілді иманды, парасатты жігіттердің образын сақтап қойған.

Олар хор қыздарынан да сұлу болады

Жәннат мекені жайлы қасиетті Құранда: «Раббыларыңның құзырында олардың (мүміндердің) сыйлары – ішінде мәңгі бақи қалатын, астарынан өзендер ағатын Адын (бейішінің) бақтары. Алла оларға разы әрі олар да Одан (Алладан) разы. Осы (сый) – Раббысынан қорыққан жан үшін», – деп баяндайды («Бәйинә» сүресі, 6-аят).

Меккедегі ең мерейлі отбасы

Исламдағы үлгі алатын, ең мерейлі отбасы туралы естігенсіз бе? Олар – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйікті қызы Фатима (р.а) мен ардақты сахаба Әли  ибн әбу Талибтің (р.а) құрған берекелі шаңырағы еді. 

Әйел – жүрек болғанда, еркек – ақыл

Әйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес, керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен ізеттілікке бейім. Ал, еркектердің болмысы дөрекілік пен қатігездікке емес, жауапкершілікке, отбасына қамқоршы, қорған болуға бейім.

Әйел  иманды болса, отбасы түзеледі

Әйелдерді қорғайтын мықты қалқан бар. Ол – оның иманы.Нағыз сұлулық жан сұлулығы, жүрек тазалығы десек, соның негізі – иман.

Кейде ерлі-зайыптылардың өмірінде келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер болып тұрады олардың басым бөлігі – әйелдің ақыл таразысына байланысты. Ал, «Дүниедегі ең жақсы нығмет – салиқалы әйел» деп түсіндірген асыл дініміз, дұрыс отбасылық өмірді қалыптастыру жолын да көрсетіп қойған.