26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қазақ неге туысын «бауырым» дейді?

Қазақ неге туысын «бауырым» дейді?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ата-бабамыз «Туысы жаман туғанын жамандайды» – дейді. Біз үшін әр ісі өнеге болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өміріне бір үңіліп көріңізші.

Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға дінді жеткізіп, ақиқатты айта бастаған тұста руластары оны таспен ұрды, ізіне түсіп, тыныштық бермеді. Оған қарсы шыққандардың қатарында өзінің туысқандары да бар еді. Алайда, көркем мінездің иесі болған Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі Әбу Тәліб пен Исламды қабылдамаған басқа да жақындарымен байланысын үзген жоқ. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, менің әкемнің әулеті қамқоршыларым емес, менің шын қамқоршым – тек қана Алла және ізгі мүміндер. Бірақ олар менің туысым және мен оны өз дәрежесінде сақтаймын», – деді. (Бұхари)

Демек, адам туысын таңдап алмайды. Біз жақындарымызбен олар бай не кедей, жақсы не жаман болғаны үшін емес, Алла бізді туыс қылып қойғаны үшін араласамыз.

Қазақ неге туысын «бауыр», «бауырым», «ет жақыным» дейді деп ойлайсыз? Немесе неге бата бергенде «басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын» деп тілек айтамыз? Себебі, бауыр деген – адамға ең жақын ағзалардың бірі. Туыс-бауыр бүтін болса, ел де аман, жұрт та тыныш, мамыражай күн кешеді емес пе? Сондықтан жақындарымыздың жанын жараламай, ағайынды алаламай игілік істейік!

ummet.kz

Бөлісу: