Діннен хабары бар, байсалды әрі дінді таза ұстанатын, сенімі берік және оны іс жүзінде амалға асыратын, жомарт, жағдайы жақсы, асырауға шамасы келетін, күшті, көрікті, жас, тақуа, сондай-ақ әйелімен жақсы қарым-қатынаста бола алатын, алған әйелін ұнатса сыйлайтын, ал ұнатпаса қорламайтын және зұлымдық жасамайтын адам ғана күйеу болуға әбден лайық. Оған мына хадистерді келтіруге болады:
1. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Алланың елшісі: «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңе ұнайтын бір кісі келсе, онда үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер). Олай істемесеңдер жер бетінде бүлік және ірі арсыздық болады», - дейді.[1]
2. Әбу Хатим әл-Музани жеткізген хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңді қанағаттандырған бір кісі келсе, оны үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер). Олай істемесеңдер жер бетінде бүлік және үлкен арсыздық (басқа риуаятында «ірі арсыздық») болады»,- дейді. (Сахабалар): «Егер онда (кейбір кемшіліктер) болса ше?» -дегенде, Алланың елшісі (с.ғ.с.) үш қайтара: «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңді қанағаттандырған бір кісі келсе оны үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер)» - деп айтқан.[2]
3. Әбу Бәкір қызы Асма: «Неке құлдықтың бір түрі. Сол үшін әркім өзінің кімге құл болайын деп жатқанына қарасын», - дейді.[3]
4. Ибн Омар (р.а.) және Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Егер бір қауымның құрметті әйелі саған тұрмысқа шықса, оны құрметтей біл», - деп айтқанын риуаят етеді.[4]
[1] Әл-Мустадрак ғала ас-Сахихйни, 2-том, 179-бет. Әл-Хаким: «Бұл хадистің иснады дұрыс, бірақ әл-Бұхари мен Муслим риуаят етпеген» - деген.
[2] Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 82-бет.
[3] Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 82-бет.
[4] Кашф әл-Хафа, 1-том,78-бет.
материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды
ummet.kz
Бөлісу: