26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма?

Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Қалыңдық жігіттің үйіне келін болып түсерден бір-екі апта бұрын ғана некелерін қиюларына болады. Әрі бұл екі жақтың ата-аналарының рұқсатымен болуы керек.

Көптеген мұсылман елдерінде қыз бен жігіт тойға әзірлікті бірге  жасайтындықтан  некелерін  тойдан  бұрын  қиып қояды. Алайда тойдан бір яки бірнеше ай бұрын некелерін қиюларына болмайды. Ал ата-аналарының батасын алмай мүлде қиюға болмайды.

Біздің мәзһабта ата-ананың рұқсаты некенің шарты емес. Қыз бен жігіт өзара келісіп куәлар арқылы некелерін қиса жарамды болады. Бірақ Исламда қыз бен жігіттің ата-аналарының батасы мен ризалығын алуы – парыз. Егер қыз бен жігіттің ата-аналары олардың қосылуларына ризалық танытпаса үйленбегендері абзал. Ата-аналардың теріс батасын алған қыз бен жігіттің некелері дұрыс болса да, өмірлері баянды болмауы мүмкін. Өйткені, мұсылманның мақсаты – Алланың ризалығы. Ал сол ризалық ата-анаға қатысты. Яғни Алланың ризалығы ата-ананың ақ батасында. Сондықтан қыз бен жігіт бір-біріне деген махаббатын Алла мен ата-анаға деген махаббатымен ұштастырған абзал.

Ал, неке қиятын молда яки мешіт имамына келсек, олар әсте қыз бен жігіттің ата-ана не олардың әсте қыз бен жігіттің ата-ана не олардың заңды өкілдерінің рұқсатынсыз некелерін қиюына болмайды.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды

ummet.kz

 

Бөлісу: