Әйел – нәзік, әйел – әлсіз, әйел – сезімге жақын жаратылыс. Дегенмен, әйелге басқа ешбір тіршілік иесіне бұйырмаған аса құрметті, аса маңызды лауазым берілген. Ол – күйеуінің ризашылығын алып, оның көңіліне тыныштық сыйлайтын салиқалы жар болу, балаларының панасы, қорғаны болатын ана болу бақыты. Әйел адам үшін бұдан артық ардақты қызмет, бұдан асқан бақыт жоқ.
«Әйелді бастан» дегенді біз қалай түсінеміз?
Халқымызда: «Баланы жастан, әйелді бастан» деген даналық бар. Осы қанатты сөздегі «әйелді бастан» деген қатарды біз қалай түсініп жүрміз?
Ер адамдарға Имам Ахмадтан 10 кеңес
Хижраның 164 жылы өмірге келген Ахмад ибн Ханбал жетім өсті. Сәби кезінде-ақ әкесі көз жұмып, бақилық болған. Он бес жасынан білім жолына түсіп, тек қырық жасқа жетіп үйленген. Абу Зурға Рази Имам Ахмад туралы естелігінде оның бір миллион хадисті жатқа білгенін айтады. Ол – үмметтің ең көркем ғалымдарының бірі, тура жолдың имамы, дінге тірек, сүннетке көмек болғанұлы тұлға. Білімі кеңінен жайылған теңіздей еді, оның ілім алқасында бес мыңнан аса адам ілім алатын болған, оның кейбірі ілімін параққа түсіріп жатса, енді бірілері ахлақ-тәрбиесіне сүйсініп көркем мінезін үлгі алуға тырысқан.
Зина жазасын жүзеге асыру шарттары
Шариғатта зина жасаған кісі Құран тілімен айтқанда «зинақор» деп аталады. Енді зина етушінің ақыреттік жағдайы да жақсы болмайтынын ұмытпауымыз керек. Алланың харам еткен амалын жасаған пенде оның жазасын алары сөзсіз.
Отбасындағы берекені кетіретін 7 себеп
Байқасаңыз, шаңырақ көтерген кез келген ерлі-зайыптылардың бастапқыда сезімдері арнасынан тасып, бақыт құшағында өмір сүріп жатады. Уақыт өте келе, күнделікті күйбең тіршілік бар, қала берді байқалмайтын жауапкершіліктері көбейе түскен шақта – арадағы сезім кейбір отбасыларда сөне бастайды. Шаңырақты шайқалтып, махаббатпен құрылған отбасының ойраны шығуға алып келетін бірнеше себептерден сақ болған жөн.
Исламда «бәйбіше»,«тоқал» деген ұғым бар ма?
Шариғатта «бәйбіше», «тоқал» деген ұғым жоқ. Екеуінің де құқығы бірдей.
Екі рет тұрмыс құрған әйел Жәннатта қай күйеуімен бірге болады?
Пайғамбарымыздың жұбайы Үмму Сәләмә бір күні Пайғамбардан (с.а.у.):
Үйленудің әдептері мен түрлері
Үйленудің әдептері:
Әлем бойынша сұлу әйелдердің саны үшеу
Күллі ғаламда көркіне көз тоятын сұлу әйелдер өте көп. Алайда, әлем бойынша ең сұлу әйелдердің саны үшеу ғана. Олар: анамыз, оның көлеңкесі және асыл анамыздың айнаға шағылысқан көркем бейнесі.
Әмеңгерлік дәстүрі: дінімізде оған қарсылық жоқ па?
Әмеңгерлік – дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі.
Күйеуім деп айту дұрыс па?
Ғұлама Ибн Кәсир: «Екі жанның арасында ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат пен сүйіспеншіліктен асқан ұлы махаббат пен сүйіспеншілік жоқ» деген екен. Расымен де, бір-біріне киім, қорған, тыныштық, тыным болуы үшін жаратылып, Алла араларына мейірім мен махаббат салған ер мен әйел – бір-бірін толықтырушы.