27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?

Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасылық өмірде әйел мына нәрселерден қашқаны жөн:

1. Жағымсыз ойлар.

Өз-өзіне деген көңілтолмаушылық, сарыуайымға салыну, тұнжырау – тұңғиыққа батырып, жұбайлардың ара қатынасына кедергі келтіреді.

Солғын көзқарас, жабырқау жүріс, дірілдеген дауысты әйелден қандай еркек болса да қашары сөзсіз.

2. Менмендік.

Күйеуіне тек материалдық қажеттілік ретінде қарайтын әйел, оның жан дүниесімен санаспайтын, алуды ғана білетін әйелдерден де еркектер бойын аулақ ұстауға тырысады.

3. Енжарлық, салқындық пен қатыгездік.

Үй шаруасы мен балаларына ғана көңіл бөліп, күйеуін «ұмытып кететін», әйелге тән нәзіктік пен еркелеуді, жылы сөзбен ерінің жанын жылытуды білмейтін «мейірімсіз» әйелдер еріне сүйкімсіз болады.

ummet.kz

Бөлісу: