26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бала тәрбиесі ана құрсағынан бастау алады

Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған. Өйткені, бала – болашақ иесі. Оны Алла Тағала жаратқанда жаман болсын деген жоқ. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым сын саналған. Баланы өсіріп-жетілдіру, ел қатарына қосу, тәрбиелеу – елдік мәселе.

Үлкен әріппен жазылатын Еркектер

Ер азаматтық – өмірдің кез келген жағдайында намысы мен абыройын сақтауға, өзін пайдасыз әрі әуре-сарсаң істерден алыс ұстауға итермелейтін қабілет.

Ислами жанұя дегеніміз қандай болады?

Ана, әке және балалардан тұратын отбасы, үйлену және ағайындық қарым-қатынас арқылы, ерлі-зайыптылық, балалар және бауырлар арасындағы қарым-қатынастардың негізін құрайтын қоғамның ең кіші бірлестігі болып табылады. Отбасы шынында қарапайым бір қоғамнан ғана тұрады. Расында отбасы, тек қана белгілі кісілердің арасындағы қарым-қатынастарының негізін құрайтын қоғамның ең кіші бөлігі.

Отбасын тастап кеткен еркектің жазасы қандай?

Біз өмір сүріп жатқан қазіргі қоғамда кез-келген адам баласының бойынан жауапкершілік, аманатқа беріктік, әділдік, шыншылдық, сабырлық секілді қасиеттерді іздейтініміз жасырын емес. Әр ер адам өз жауапкершілігін терең сезінсе, оны бұлжытпай орындаса әрі әрбір ісінде, сөзінде әділдіктен таймаса ажырасу деген болмас еді. Қоғам тыныш, халық бақытты болар еді.

Күйеуіңізді қарсы алу ең маңызды нәрсе екенін білесіз бе?

Күйеуіңізді қарсы алу ең маңызды нәрсе екенін білесіз бе? Көп әйел осыған аса қатты мән бермейді.

Бай мен кедей құда бола ала ма?

Халқымызда ғасырлар елегінен өткізген мынадай мақал бар: «Кедей мен кедей құда болса, екі ортада дорба жүреді. Бай мен бай құда болса, екі ортада жорға жүреді. Кедей мен бай құда болса, екі орта зорға жүреді».

Ұлымды қалай жігіт қылып тәрбиелеймін?

Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.