25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ихсан – басшыға да, қосшыға да керек ілім

Ихсан – басшыға да, қосшыға да керек ілім

Ақида
Жарнама

Жүрегінде иманы, ар-ұяты бар мұсылман ешқашан өзге жандар үшін тілімен де, ісімен де зиян тигізбейді. Мына дүниеде жасаған жақсы-жаман іс-амалына ақыретте жауап бере­тінінен қорқады, жасаған жақ­сы­лығының бақытқа, ал жаман­дығының зиянға себепкер бо­ла­тынын жадында ұстайды.

Саңлақ сахабаның бірі Мұаз ибн Жәбәл былай дейді: «Йеменге басшылық қызметіне кетейін деп, үзеңгіге аяғымды қойған сәтте Алла Елшісі (оған Алланың са­лауаты мен сәлемі болсын): «Ей, Мұаз! Адамдармен қарым-қатынас жасағанда жақсы мінезді бол!» деп маған соңғы өсиетін айтты. Мұ­сылман күнделікті өзін тәрбиелеп, өзгеге жамандығын тигізбеу үшін дұға-тілекте жүргені дұрыс. Мә­селен, Алла Елшісі (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) на­мазды бастамай тұрып, Жарат­қанға былай дұға ететін: «Уа, Алла! Мені ең көркем мінезге бағытта. Сенен басқасы мені жақсы мінезге бастай алмайды. Менен жиір­ке­нетін мінезді алыс ет. Бұл істі Се­нен басқа ешкім орындай ал­май­ды». Тағы бір дұғасында: «Уа, Аллам! Бейнемді әдемі етіп жарат­қаның секілді, мінезімді де сондай көркем ете гөр!» деп Жаратқанға жалбарынатын.

Сахабалар Пайғамбарымыздан қандай амал көрсе, оны лезде іске асыруға асығатын. Сондай ардақты сахабаның бірі Әбу Дәрда (Алла оған разы болсын) бір күні түнде тұрып Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол­сын) секілді: «Уа, Аллам! Бейнемді әдемі етіп жаратқаның секілді, мінезімді де көркем ете гөр!» деп таңға дейін дұғасын жалғастырады. Таң атқаннан кейін әйелі:

«Әбу Дәрда, бүкіл түнгі дұғаң және қа­же­тіңнің барлығы көркем мінез жайында сұраумен болдың ғой. Неге соншама таңға дейін мұндай дұға жасадың?» деп сұрайды. Сонда Әбу Дәрда: «Уа, Умму Дәрда! Бір мұсылман мінезін әдемілей-әдемілей ғұмыр кешетін болса, көркем мінезі оны жәннатқа жете­лейді. Егер мінезі жаман болып тіршілік кешсе, жаман мінезі тозаққа итермелейді» деп себебін жеткізген екен.

Ғасырлар бойы асыл діннен ауытқымаған бабаларымыз да их­сан ілімін өмірлеріне серік ет­кен. «Өлім­­нен ұят күшті» деп, ұят­тың иманнан һәм ихсаннан екенін көр­­сеткен. Сондықтан бас­шыға да, қосшыға да керек нәрсе – ихсан ілімі, яғни көркем мінез­ділік. Ол – адамның ары мен ұятын сақтап, абыройын асқақтата түсе­тін рухани ілім.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: