25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Неге мәзһабтар арасында айырмашылық бар?

Неге мәзһабтар арасында айырмашылық бар?

Ақида
Жарнама

Бұл айырмашылықтардың қаншалықты жөн, қаншалықты теріс екенін төменде қарастыратын боламыз. Бірақ одан бұрын осы қате түсінікке себеп болған нәрсеге тоқталу керек сияқты.

Мәзһабтар арасы айырмашылықты, дінде бөлінушілікке теңестіру түсінігі Құран мен хадисте кездесетін «ихтилаф» сөзінен туындауда. «Ихтилаф» сөзі – «әртүрлі болу, әркелкі болу, келіспеу, қайшы пікірде болу, айтысып-тартысу, қайшылық, таласқа түсу» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан «ихтилаф» сөзін барлық жерде шариғатқа қайшы істі білдіреді деу дұрыс емес. Құран мен хадисте де орнына қарай бірде тыйым салынса, бірде қошталып отырады. Мәзһабтар арасындағы айырмашылық та осындай қошталған «ихтилафтардың» қатарына жатады. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үмметімнің (кейбір мәселеде) әртүрлі көзқараста болуы – рақымдылық», – деген.

Хадистегі «әртүрлі көзқарас» арабшадағы ихтилаф сөзінің аудармасы. Ал мұсылман қауымының арасын бұзатын айтыс-тартыс «ихтилафы» нағыз шариғат тыйым салған ихтилаф. Құранда бұлар жайлы: «Алланың құзырында шынайы дін – ислам. Сондай кітап берілгендер өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күңшілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші».

Аяттағы «талас-тартыс» сөзі арабшадағы «ихтилаф» сөзі. Бұл жердегі ихтилаф мұсылмандардың сақтануы тиіс «ихтилафтардың» қатарына жатады. Ихтилаф жайында дұрыс түсінік қалыптастыру үшін оның себептерін, сипаттарын білу қажет. Онсыз қайсысының тыйым салынған, қайсысының рұқсат етілген ихтилаф екенін білу қиын.

материал «Мәзһаб туралы таным» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: