26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақыретте болатын жағдайлар

Ақыретте болатын жағдайлар

Ақида
Жарнама

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтаулар әлемнің Жаратушысы Алла Тағалаға тән.

Адамзат баласының бар болуы үш кезеңнен тұрады:

1. Дүниеге келмей тұрып анасының құрсағындағы өмір

2. Дүниедегі өмір

3. Қабірдегі өмір

Адам баласы өмірге келген соң өмір сүріп жатқан дүние өміріне бейімделеді. Әділдік пен бақыттың шынайы отаны Ақырет өміріне де тек қана өлім жолы арқылы барады. Өлгеннен кейін Ақырет тіршілігі басталады. Күнәһар пенделер өздерінің жасаған амалдарының жазасын, қиыншылықтарға төзіп сабыр еткендер де амалдарының сауабын да тек қана өлім жолынан өткеннен соң алады. Ақыретке қауышқан жандар қайта дүниедегі өміріне қайта орала алмайды. Егер аз ой жүгіртетін болсақ дүниеге келгеннен кеиін қайтып ана құрсағына да қайта орала алмаймыз. Ананың құрсағындағы нәрестеге, «сенің өміріңнің тысында да басқа өмір бар» дейтін болсақ, сенбеуі мүмкін. Сол секілді осы тіршілік етіп жатқан өміріміздің де тысында Ақырет деген өмір бар дейтін болса, сенбеуіміз әбден мүмкін. Алайда біз қаншалықты сенбесек те өлім, әр пенденің басына келетін ап-ашық шындық саналады. Себебі тарих сахнасына зер салатын болсақ өлім деген шындық, өмір сүрген бүкіл адам, тайпа, қоғам, мемлекеттің басына келгендігін көреміз. Қазіргі танда сол өткен дәуірлерде өмір сүрген адамдардың бірде біреуі жоқ. Олар өздерінің дәүірлерінде өмір сүргендей сол дәүірде өліммен бетпе-бет келген. Уақыт сағаты келген кезде біз де сол қоғамдар секілді өліммен жүздесеміз. Біздің қалауымызбен емес керісінше өлім айттырмай өздігінен келеді. Өлімді тоқтататын бірде-бір күш-құдрет жоқ. Бүкіл жаратылыс Алланың жазған күніне дейін өмір сүреді.

Өлген соң алғаш баратын орын «Қабір» болмақ. Жерге жерленгеннен кейін қайта тірілетін күнге дейінгі уақытқы «Қабірдегі өмір» деп аталады. Өлімнен кейінгі уақыттан бастап, қиямет күні келгенге дейін аралықта  болатын азапқа «Қабыр азабы» деп аталады. Хақ Тағала құлдарының бұл өмірде жасаған күналарынан тазаланулары үшін сан түрлі сынақтар мен ауруларды себеп етіп қойған. Бұл дүниеде күнәларынан тазалана алмаған жандар, жасаған күналары үшін қиямет күні тозақ отымен тазаланады. Осылайша тозақ отымен толық тазаланған жандар жәннәтқа кіреді.

Себебі жәннәт тек қана пәк болған құлдардың мекені саналады. Ал дүниеде иман етпеген жандар барзақ әлемінде азапқа дұшар болады жане де тозақта мәнгі қалады. Демек қабірдегі азап немесе нығмет пенденің дүниеде жасаған амалдарына қарай беріледі. Яғни барзақ әлемінде басына келетін жағдайлар осы дуние өмірінің натижесі саналады. Қайта тірілгеннен соң басталып шексіз өмірге дейін жалғасатын өмірге де «Ақыреттегі өмір» деп аталады.

Адам баласы Ақыреттегі өміріне қайта тірілумен бастайды. өлгеннен кейін қайта тірілу, яғни негізгі дене мүшелерінің қайта тіктеліп және де рухтың да денеге қайта берілумен Хақ Тағаланың қайта тірілтуімен қабірлерінен шығуы.  қайта тірілу ақырет сенімінің негізгі мәселесі болғандығы үшін өткен бүкіл Пайғамбарлардың алып келген Діндерінің  негізгі тірегі саналады Махшар алаңында қайта тіріледі. Дүниедегі өмірінде жасаған амалдарын есеп-қисабын беру үшін Алланың құзырына шығарылыды.

Алла Тағала Қиямет күні, жер жүзін өзі қалаған пішініне келтіріп махшар алаңы етеді, махшар алаңы да аппақ және тегіс болады.

  • «Сол /есеп/ Күні оларды түгелдей жинаймыз...»
  • және де «Әрі Сүр үрлеген кезде олар қабірлерінен /шығып/ , өздерінің Раббысына қарай тез жүреді.»
  • «Ол күні Сүр үрленеді. Әрі сол күні қылмыскерлерді көгерген халде жинаймыз.»
  • «Олардың көздері қорлана жасыған күйде, бытырып жайылған шегірткелер секілді қабірлерден шығады.»
  • Сөйтіп осы өмірде істеген амалдары таразыға тартылады. Ғалымдардың басым бөлігі «тараз» сөзін амалдарды тартатын екі басы және де тілінің бар екендігін түсінген. Бірақ таразының қандай болатындығы белгісіз. Бүгінгі күнімізде тараздың электрондық, дыбыстық секілді түрлі тараздар бар. Амалдарды тартатын тараздың нақты қандай болатындығын түсінігіміз де ақылымыз да жетпейді. Дегенмен ол таразы еш қателіксіз тек қана амалдарды тартуға арналғандығын білеміз. Бұл таразыға көрініс немесе дене-пішім беруге қажет жоқ.

Негізінде есеп қисап беру және амал дәптерлерінің оқылуына байланысты Құранның аяттарында ашық айтылған. Әр адам баласы үшін, амалдарын жазып отырушы Кираман Катибин періштелері міндеттелгені, және олардың жазғандары қиямет күні Аллаға көрсетілетіндігі, тіпті шаң тозаңның түйіріндей жасаған амалдардың да жазылатындығы баяндалған. Және де амал дәптерлері оң жағынан берілген жандардың, есеп қисаптары оңай, ал сол жағынан берілгендердің есептесулері қиын болатындығы хабар берілген. Сол себепті аяттарда қалай келген болса дәл солай сенуіміз қажет.

Сұрақ-жауаптан өткеннен кейін қыл-көпірден өтеді. Қыл-көпір (сырат) ақиқатын жалғыз Аллаһ біледі, бізге келген риуаяттарда, көпірдің қылдан жіңішке әрі қылыштан өткір екендігіне байланысты хабарлар келген. Ол көпірден, адамдардың мына дүниеде жасаған амалдардың дәрежесіне қарай өтетіндігі, сауабы мол жандардың өте жылдам ал, күнәсі көп болғандар өте ақырын, тіпті кейбіреулер, өте алмай тозаққа құлап түсетіндігі де келген. Аһлү Сүннәттің, сыратқа байланысты сенімі, Алла және Елшісінің хабар бергендеріне толық иман ету ал көпірдің шынайы ақиқатын Алла біледі. Қыл-көпірден өткеннен соң жәннәт немесе тозақтағы өміріне өмір сүрүін бастайды.

Әр адам, күн өткен сайын өлімнің өзіне жақындап келе жатқанын сезінеді. Сондықтан да, Құран және сенімді жолдармен келген хадистерден алыстамай керісінше бұл екеуін бекем ұстануымыз дұрыс болады. Және өлім келмей тұрып өлімге дайындалу қажет. Себебі бүкіл жаратылыс, уақыт сәті келіп, өліммен жүздескен кезінде оны өлімнен ешкім құтқара алмайды.

Нұржан Тоқашев,

«Әл-Ғани» мешітінің ұстазы

Бөлісу: